Жалпы жаңалықтар
-
-
Алматыда 1,5 жастағы қыз соққыға жығылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының білім беру орталықтарының бірінде бір жарым жастағы қыз соққыға жығылды.
17.04.2021
-
СҚО-да жаңа форматтағы мектеп жұмыс істейді
Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Петропавлдың дәл іргесіндегі Петрефельд ауылында Қызылжар – Абай орта мектебі былтыр ашылған болатын. Мұнда қазір 230 оқушы білім алып жүр. Мектептің ерекшелігі – оқыту мен тәрбие беру жүйесіндегі барлық әдіс-тәсілдер ұлы ақын Абай Құнанбайұлының падагогикалық идеялары мен принциптері негізінде жүргізіледі.
17.04.2021
-
Елорданың су тасқыны қаупі бар аумақтарға әуеден бақылау жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 сәуірде ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Парламент Мәжілісінің депутаттары Александр Милютин мен Жамбыл Ахметбековті бас қаладағы Астана контрреттегішінің жұмысымен таныстырды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
17.04.2021
-
Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» оқу-жаттығуы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірлескен жедел-тактикалық оқу-жаттығуға Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен бөлімшелері, Ұлттық қауіпсіздік органдары, Шекара қызметі мен Ұлттық ұлан бөлімшелері қатысты.
16.04.2021
-
Өскемендіктер мешітте коронавирусқа қарсы екпе ала алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді Өскемен қаласының тұрғындарына сол жағалауындағы мешітте де коронавирусқа қарсы екпе алуға болады.
16.04.2021
-
Түркістанның азық-түлік белдеуі қалыптасуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы азық-түлік белдеуінде іске асырылып жатқан жобалармен танысты.
16.04.2021
-
Айман Мұхтарқызы: Әр қазақтың үйінде ата-әжесі бар, жастар соны ескерсе
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы №4 қалалық емхананың дәрігер-эпидемиологы Айман Досанова жастар көбінесе «жаспыз, бізде ауру жеңіл өтеді, сондықтан біз ауырамыз да тұрамыз», деп ойлайды. Осы ретте айтарым, әр қазақтың үйінде үлкен кісі бар, ата-әжесі бар. Сондықтан сіз тек өзіңізді ойламаңыз, ата-анаңызды, ата-әжеңізді, ағайынды ойлауыңыз керек, - дейді.
16.04.2021
-
Күләш Жалбырова: Кейбір телеарнадан гөрі радиода тыңдауға тұрарлық дүние бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ғасыр күнделігі» айдарының бұл жолғы қонағы Қазақ радиосының музыкалық редакциясында қызмет атқарған Күләш Сәдуахасқызы Жалбырова.
16.04.2021
-
Елорданың «Қозы Көрпеш-Баян Сұлулары» некелерін қидырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» күніне орай жас жұбайлардың некесін қию салтанаты өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
15.04.2021
-
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда – ТЖМ Алматы облысындағы оқиға туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 сәуір күні сағат 09.45-те Алматы облысы Балқаш ауданының Жиделі ауылдық округінен жиырма бес шақырым жерде құрғақ шөп пен қамыс өртенді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды.
15.04.2021
-
Павлодарлық студенттер Ғашықтар күніне орай қалалықтарға сыйлық жасады
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі инновациялық Еуразия университетінің студенттері Қозы Көрпеш - Баян сұлу күнін ерекше атап өтті.
15.04.2021
-
Қазақ балаларын спортқа ғана емес, өнерге де баулу керек – Бахтияр Адамжан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлемнің үздік бишілерінің бестігіне енетін балет әртісі, «Астана Опера» театрының жетекші солисі, беделді халықаралық байқаулардың Гран-при иегері... Оның атақтары мен жетістіктері жайлы айта беруге болады. Алайда ол өзін «өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегенді естіп өскен қазақтың қара баласымын дейді. Дүниежүлік өнер күні ұлтын әлемдік сахнада танытып жүрген Бахтияр Адамжанмен болған әңгімені назарларыңызға ұсынамыз.
15.04.2021
-
Тезірек көрерменмен қауышсақ дейміз – Бағдат Тілегенов
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 15 сәуір - Халықаралық мәдениет күні. Пандемия басталғалы көптеген мәдени ошақтар карантинге жабылып, көрермен алдында өнер көрсетулерін тоқтатты.
15.04.2021
-
Ақмолалық полицейлер «Жолда қабылдау» акциясын ұйымдастырды
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері жергілікті полиция қызметі және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірлесіп жолда қабылдау ұйымдастырды. Оның барысында тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтар мен айыппұлдар бойынша кеңестер алды.
15.04.2021
-
Екібастұз өңірінде әйелдер бизнесі қарқынды дамуда
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Екібастұз өңірінде кәсіпкерлікке бет бұрған әйелдер саны жыл сайын көбейіп келеді. Бүгінде оларға мемлекеттік қолдау көрсетіліп, жұмыс істеуге тегін орындaр ұсынылуда.
15.04.2021
-
Шымкенттің әскери қызметшілері балалар үйіне барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеңес Одағының батыры Сабыр Рахимов атындағы Шымкент Республикалық «Жас Ұлан» мектебінің әскери қызметшілері №3 балалар үйінде сенбілік өткізді.
15.04.2021
-
Талдықорғандық робототехника бойынша тегін онлайн курс ашты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2020 жылғы түлегі, Назарбаев Университетінің студенті Даниил Филимонов робототехника бойынша «Beyond Robotics» тегін онлайн курсын іске қосты.
14.04.2021
-
Өзіңізді, отбасыңызды, ортаңызды сақтасаңыз, қоғамды сақтайсыз – эпидемиолог
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы №9 қалалық емханасының эпидемиолог-дәрігері Майра Рыспаева вакцинация басталмас бұрын телевизия, радио, емхананың жеке сайты арқылы халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізілгенін айтады.
14.04.2021
-
«Махаббат, қызық мол жылдар» жаңа форматта қайта басылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың жаңа форматта басылып шыққан «Махаббат, қызық мол жылдар» романының тұсаукесері өтті.
14.04.2021
-
«Заман-ай» онлайн концерті өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының «Астана» концерт залында Қазақ оркестрінің Сейтек Оразалыұлының 160 жылдығына арналған «Заман-ай» атты онлайн концерті өтті.
13.04.2021
Наверх