Елорданың «Қозы Көрпеш-Баян Сұлулары» некелерін қидырды

15 Сәуір 2021, 19:20
1967
Бөлісу:
Елорданың «Қозы Көрпеш-Баян Сұлулары» некелерін қидырды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» күніне орай жас жұбайлардың некесін қию салтанаты өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елімізде 15 сәуірде ғашықтар күні атап өтіледі. Мереке қазақ эпосы «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» поэмасының кейіпкерлеріне арналған. Бұл күн алғаш рет 2011 жылы тойланды. Осыған орай «Есіл» ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметкерлері елордалық жас жұбайларға неке қию туралы куәлік табыстады.

Елорданың «Қозы Көрпеш-Баян Сұлулары» некелерін қидырды

Дәл бүгін бүкіл ел алдында отбасымыздың алғашқы куәлігін алатынымызға қуанып тұрмыз. Бұл күнді асыға күттік. Биыл карантиндік шектеулерге байланысты тойымызды өткізе алмадық. Дәл осы астанада таныстық, енді астанада үй болып жатырмыз. Біз үшін астана ғашықтар қаласы, - деді Думан Шора.

Салтанатты шара ЕХРО-2017 алаңында «Нұр Әлем» сферасында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізілді. 

Елорданың «Қозы Көрпеш-Баян Сұлулары» некелерін қидырды

Жастардың қуанышты сәтіне куә болуға келген Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов пен Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Ләззат Рамазанова құттықтау сөз сөйлеп, жас жұбайларға неке куәліктерін табыстады.

Осындай шуақты күні, елордамыздың төрінде 9 отбасының жаңа өмірге қадам басуына куә болып отырмыз. Осы күнді бекерден-бекер таңдап алмадық. Бүгін халқымыздың аңызға айналған махаббат символы Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күні. Адамзат үшін махаббат ежелден бері ерекше сезім. Бүгін отбасын құрған жастардың махаббаты баянды, құрған шаңырақтары берік болсын, - деді Берік Жәкенов.

 Елорданың «Қозы Көрпеш-Баян Сұлулары» некелерін қидырды


Өзгелердің жаңалығы