Түркістанның азық-түлік белдеуі қалыптасуда

16 Сәуір 2021, 14:20
1270
Бөлісу:
Түркістанның азық-түлік белдеуі қалыптасуда
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы азық-түлік белдеуінде іске асырылып жатқан жобалармен танысты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс басшысы «Түркістан Агро ХХІ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «1 200 басқа арналған заманауи тауарлы-сүт фермасы құру» жобасының құрылыс алаңында болды. Заманауи тауарлы сүт фермасының құрылыс жобасы италияндық «Rota Guido Srl» компаниясымен әзірленген. Жалпы құны 6,4 млрд теңгені құрайды. 

Түркістанның азық-түлік белдеуі қалыптасуда

Бүгінгі таңда «Fortebank» арқылы қаржыландыру күтіліп отыр. Серіктестік өз қаржысы есебінен құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Ферманың мал ұстау орнының қабырғасы тұрғызылды. Жоба толық іске қосылғанда, жылына 10 мың тонна сүт өндірілетін болады. Жұмыстың баяу жүріп жатқанын айтқан облыс әкімі құрылысты ширатуды тапсырды. 

Түркістанның азық-түлік белдеуі қалыптасуда

Аталған серіктестікте сүт фермасын мал азықтық дақылдарымен қамтамасыз ету үшін 2019 жылы 733 гектарға АҚШ-тың «T-L» компаниясының 18 бірлік жаңбырлатып суару машиналары орнатылып, жылына бір алқаптан 2 рет өнім алынып отыр. Бұдан бөлек 26 бірлік заманауи ауыл шаруашылығы техникалары алынды. 

Өткен жылы егілген күздік бидайдың шығымдылығы жақсы. Аталған егістікті шілде айының ортасында орып алып, екінші өнімге жүгері дақылын егу күтілуде. «Ынтымақ Агро XXI» ЖШС-нің – қазіргі таңда, австриялық «Bauer» компаниясының 8 бірлік жаңбырлатып суару машиналарын орнатты. Оның ішінде 3 бірлігіне күздік бидай егіп қойған қалған бөлігіне жүгері мен жоңышқа егу күтілуде. Сонымен қатар облыс басшысы «SPK-Sauran» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің құны 1,5 млрд тенгені құрайтын «829 гектарға жаңбырлатып суару технологиясын қолдана отырып, мал азықтық дақылдардар өсіру» жобасымен танысты. 

Түркістанның азық-түлік белдеуі қалыптасуда

2019 жылы АҚШ-тың «Valley» компаниясының 3 бірлік және 2021 жылы австриялық «Bauer» компаниясынан 4 бірлік жаңбырлатып суару машиналары 371 гектарға орнатылды. Сондай-ақ, жыл соңына дейін АҚШ-тың «Valley» компаниясының 5 бірлік жаңбырлатып суару машиналарын 265 гектарға орнату жоспарлануда. Қазіргі таңда, 800 гектарға итальяндық жоңышқа тұқымын себу жұмыстары жүргізілуде. Жаңбырлатып суару технологиясы толық іске қосылған жағдайда жоңышқадан 2000 тн өнім алу жоспарланған. 

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан халықаралық әуежайына барар жолдағы «400 га жерге қара өрік отырғызу» жобасымен танысты. Turkistan Fruit ЖШС-нің қолға алған ерекше жобасының құны 3,5 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі уақытта, қара өріктің бірнеше түрлерінен құралған 200 мың дана көшет отырғызылды. Нысан толығымен қоршалып, 7 дана су сақтайтын резервуар, 21 бірлік ұңғыма құдық қазылып, тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. Көшеттер отырғызған жылдан бастап үшінші жылы гектарынан 1-2 тоннадан өнім бере бастайды. 5-6 жылда толық құаттылыққа кіріп әр гектарынан 25-30 тоннадан өнім беретін болады. Оған дейін 50 га жерге қарбыз егілді.

Өзгелердің жаңалығы