Жаңалықтар
-
-
Павлодардағы ең ұзын көшеге Назарбаевтың есімі берілді
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар қаласындағы ең ірі Тәуелсіздік көшесіне Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. Осындай шешім облыс әкімдігі мен мәслихатының бірлескен отырысында бірауыздан қабылданды.
21.03.2019
-
Қостанайда орталық даңғылға Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілді
Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Республикалық ономастика комиссиясы облыс әкімдігінің қаулысы мен жергілікті мәслихат депутаттарының ұсынысына қатысты оң шешім шығарды. Қостанай қаласындағы Абай даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгертілді.
21.03.2019
-
Қарағандыда екі көше біріктіріліп, Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл пайда болды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандының орталығындағы Бейбітшілік гүлзары мен Н. Төлепов көшесін біріктіру және қайта атау арқылы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы жаңа даңғыл пайда болды. Шешім қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXXVI сессиясында бірауыздан қабылданды.
21.03.2019
-
Баян-Өлгийде Қазақстанның білім күндері өтеді
Астана, BAQ.KZ. 2019 жылдың 22-23 наурыз күндері Монғолия Республикасы, Баян-Өлгий жерінде «Қазақстан білім күндері» - Халықаралық білім көрмесі өтеді. Бұл туралы "Болашақ" ХБО баспасөз қызметі хабарлады.
21.03.2019
-
Орталық мемлекеттік архив қызметкерлері ағаш отырғызды
Астана, BAQ.KZ. Алматы қаласындағы "Орталық мемлекеттік архив" РММ қалашығы аумағында Наурыз мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Мерекеге арнайы АҚШ және Франция ғалымдары, шетелдік құрметті қонақтар қатысты.
21.03.2019
-
Республика бойынша ауа райы ашық болады
Астана, BAQ.KZ. 21 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерде жаңбыр жауады, республиканың қалған аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
21.03.2019
-
Наурыз көжеге қажет азық-түлік бағасы қандай?
Астана, BAQ.KZ. Қазақстандықтардың 17%-ы баға өседі деген пікірде, алайда 27%-ы инфляция баяулайды деп санайды. Бұл туралы Info Energyprom.KZ хабарлады.
21.03.2019
-
БҚО-да су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасуда
Астана, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында қар қалың жауды. Биылғы жылы облыс аумағында өткен жылмен салыстырғанда аномальды қар түсті, бұл құбылыс 30 жыл бұрын орын алған. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы ТЖД хабарлады.
20.03.2019
-
"Каникулы off-line" отбасылық комедиясының тұсауы кесілді
Астана, BAQ.KZ. Елордада "Каникулы off-line" отбасылық комедиясының жабық көрсетілімі өтті.
20.03.2019
-
Қарағанды вокзалы уақытша жабылады
Астана, BAQ.KZ. 2019 жылдың 26 наурызында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты, Қарағанды теміржол вокзалының ғимараты уақытша жабылады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
20.03.2019
-
Өскемендегі ең ұзын даңғылға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі беріледі
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Өскемен қалалық мәслихаты жанындағы тұрақты комиссия шаһардағы ең ұзын Тәуелсіздік даңғылын Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атау жөнінде шешім қабылдады. Бұл ұсынысты Өскемен қалалық мәслихатына қаладағы бірнеше өндіріс орны мен мектеп, аурухана және қоғамдық бірлестік мүшелері берген екен.
20.03.2019
-
Болашақ түлегі: Назарбаев – мыңдаған жастың асқақ арманын орындады
Орал, BAQ.KZ тілшісі. Күні кеше ғана ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған Үндеуінде өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. Соған орай Болашақтың түлегі, оралдық Әлібек Молданиязов ойымен бөлісті.
20.03.2019
-
Тараздағы Төле би даңғылына Назарбаев атауы берілді
Астана, BAQ.KZ. Тараз қаласындағы Төле би даңғылына ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. Бұл жөнінде облыстық мәслихаттың бүгінгі кезектен тыс 33-сессиясында мәлім болды.
20.03.2019
-
Жезқазғанда 30 отбасы баспаналы болды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Жезқазғанда жаңа үй пайдаланылуға берілді. 30 отбасыға су жаңа пәтерлердің кілттері табысталып, қоныс тойы тойлануда. Пәтерлер «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» жеңілдетілген бағдарламасына қатысушыларға берілді.
20.03.2019
-
Сағынтаев Тоқаевқа мейрамдарды мерекелеуге дайындық барысын мәлімдеді
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Мемлекеттік хатшы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
20.03.2019
-
Тоқаев Маминді қабылдады
Астана, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
20.03.2019
-
Мирзиёев Тоқаевты ҚР Президенті лауазымына кірісуімен құттықтады
Астана, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
20.03.2019
-
ШҚО-да мүгедек балаларға арналған демалыс базасы ашылады
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы облыстық әкімдіктің теңгеріміне өткен Алакөл және Бұқтырма суқоймасы жағажайларындағы екі демалыс базасы алдағы уақытта мүгедек балаларды сауықтыратын шипажайларға айналуы мүмкін. Бұл жөнінде облыс әкімдігінің отырысы барысында айтылды.
20.03.2019
-
Шымкентте Нұрсұлтан Назарбаев есімімен аталатын көше мәлім болды
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласындағы Астана даңғылына Нұрсұлтан Назарбаев есімі беріледі. Бұл туралы алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс 46-сессиясында белгілі болды.
20.03.2019
-
Назарбаев Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
20.03.2019
Наверх