АҚШ спортшысы қарсыласын 8 секундта нокаутқа түсірді

29 Қыркүйек 2019, 16:22
1685
Бөлісу:
АҚШ спортшысы қарсыласын 8 секундта нокаутқа түсірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Калифорнияда өткен Bellator 228 турнирінде америкалық аралас жекпе-жек спортшысы Эй Джи Макки отандасы Георгий Караханянды жеңді. Бұл туралы MMA Fighting сайты хабарлады.

Макки жекпе-жектің сегізінші секундында қарсыласын нокаутқа түсірді. Енді ол промоушендағы ең жылдам нокауттардың көрсеткіші жағынан екінші орында тұр. 6 секундтық рекордты Мишель Мартиньони, Эктор Ломбард, Майк Камбл өзара бөлісіп тұр.

Жартылай жеңіл салмақта шығатын Макки жеңістен кейін осы дивизион чемпионы Патрисиу Фрейримен жекпе-жекке шыққысы келетінін мәдімдеді. 
24 жастағы Маккидің бұл жеңісі 15 жекпе-жектегі он бесіншісі болды. Америкалық спортшы алты рет нокаутпен, төрт рет ауыртатын әдіспен және бес рет ұпай санымен жеңген.

34 жастағы Караханян Мәскеуде дүниеге келген. Бала күнінде отбасымен АҚШ көшіп кеткен. Карьерасында оныншы жеңілісі болды.
Өзгелердің жаңалығы