Алматыда IT-мамандардың форумы өтіп жатыр

30 Қыркүйек 2019, 11:38
2394
Бөлісу:
Алматыда IT-мамандардың форумы өтіп жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан жастары конгресі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Алматыда «ҚХА Жастар Синергиясы Форумы» өтіп жатыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «ҚХА Жастар Синергиясы Форумы» − Қазақстанның қазіргі IT-мамандары, ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері, сондай-ақ стартап-жобалар, бағдарламалау, веб-дизайн, киберқауіпсіздік, smart-технологиялар және сайт/мобильдік қосымшалар құрастыруға қызығушылық танытатын басқа да жастарды IT-саласының қыр-сырына үйрететін ерекше жоба. 

Жоба менеджері Мәулен Молдабеков мұндай форумдар жас IT-мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға септігін тигізетінін айтады.

«Форум IT-салаға қызығатын жастарды қолдауға арналған, сонымен қатар ең үздік IT-жобалардың жүзеге асуына грант бөлетін боламыз», - дейді ол.

Форумға 16-29 жас аралығындағы Қазақстан азаматтығы бар түрлі ұлт өкілдері қатыса алады. 

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, «ҚХА Жастар Синергиясы Форумы» жобасы 3 айға созылады әрі Қазақстанның бүкіл 17 аймағын қамтиды. Аймақтық IT-жобалар аллеясы нәтижесінде үздік 80 жоба таңдалынып, жоба иегерлері Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «ҚХА Жастар Синергиясы Форумы» Республикалық форумына жолдау алады.

Өзгелердің жаңалығы