Елордада жас ұстаз орталығы ашылды

30 Қыркүйек 2019, 09:49
4681
Бөлісу:
Елордада жас ұстаз орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орталық 350 жас мұғалімді қабылдауға арналған, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты. 

аңа орталық - бұл жай ұстаздар тұратын орын ғана емес, бұл жас мұғалімдер сабақтан алған әсерлерімен бөлісетін, заманауи идеялар мен инновациялық білім беру жобаларын талқылайтын диалог алаңы. Елордалық жас мұғалімдер клубы мен көшбасшылардың резерв мектебі де осы жерде жұмысын жалғастыратын болады. Бүгінгі таңда 200-ден астам жас ұстаз кілттерін алып, қоныстана бастады", - делінген таратылған ақпаратта.

Үміткерлер келесі критерийлер бойынша таңдалды: 1. Педагогикалық білім (үздік диплом алғандарға артықшылық беріледі). 2. Жалпы жұмыс өтілі 5 жылға дейін (Нұр-Сұлтан қаласының білім ұйымдарында). 3. Нұр Сұлтан қаласында уйінің жоқтығы. 4. Үйленбеген және асырауындағы балаларсыз.

"Үміткерлерді таңдау кезінде педагогикалық қызметте жетістіктері бар және білім ұйымның қоғамдық өміріне қосқан үлесін ескеретін жас мұғалімдерге артықшылық беріледі. Білім басқармасындағы комиссия (оның құрамына кәсіподақ, қоғамдық ұйымдар, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі, БАҚ, ата-аналар қауымдастығы және т.б. кіреді) оқытушылар берген өтініштерді қарайды" - делінген таратылған ақпаратта. 
Өзгелердің жаңалығы