Елордада тұрғын үйлерге жылу беріледі

30 Қыркүйек 2019, 08:45
1851
Бөлісу:
Елордада тұрғын үйлерге жылу беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада бүгіннен бастап  тұрғын үйлерге және басқа да нысандарға жылу беріледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

«Ауа-райына байланысты мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен емханалар келіп түскен өтініштерге орай жылыту жүйесіне қосылды. Ертеңнен бастап тұрғын үйлер мен басқа да нысандарды қосуды бастаймыз. Бұл жұмыс бірнеше күнге созылады. Ережеге сәйкес жылыту маусымы орташа тәуліктік температура +10 градусты көрсетіп, бес күн бойы сақталғанда басталады», - деп жазды елорда әкімі.

Өзгелердің жаңалығы