30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

30 Қыркүйек 2019, 08:08
1763
Бөлісу:
30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүйсенбіде Қазақстанның шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтары арқылы атмосфералық фронттар өтеді, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Кей жерде  жауын-шашын (жаңбыр,сулы қар), оңтүстік-шығыста түнде және таңертең кей жерде қатты жауын-шашын, қалған аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерде республика бойынша найзағай, тұман күтіледі, жел 15-22 м/с күшейеді, шығыста кей жерде – көктайғақ болады деп күтілуде.

Түркістан облысының кей жерінде - тұман, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерде найзағай күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерде тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы және Жамбыл облыстарының кей жерінде найзағай күтіледі,  Алматы облысының кей жерінде найзағай кезінде жел 17-22 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерінде – тұман. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Қарағанды облыстарның кей жерінде тұман күтіледі. Павлодар облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерінде түнде топырақта 1-3 градус үсік күтіледі.

Түркістан облысында, Қызылорда облысының шығыс бөлігінде, Жамбыл облысының батыс бөлігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы