Жаңалықтар
-
-
Тараздағы спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімі беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Тараз-Арена" спорт кешеніне белгілі спортшы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру ұсынылды.
14.08.2020
-
Cтуденттер праймеризді кейс ретінде қарастыруда – ғалым
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 тамызда еліміздің жас ғалымдары ZOOM – конференция өткізді. Конференция барысында түрлі саланың жас ғалымдары "Nur Otan" партиясының праймеризін өткізу бастамасын қолдайтынын және праймериз туралы ғылыми жұмыстар жасауға дайын екенін мәлімдеді.
14.08.2020
-
Волонтерлік қызмет туралы заң қоғам талқысына ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызметі және қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының Тұжырымдамасы" жобасын жариялады.
14.08.2020
-
Президентке сауда саласының 2025 жылға дейінгі даму мүмкіндіктері баяндалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
14.08.2020
-
Бизнестің жол картасы аясында 2,8 трлн теңгенің жобасы қаржыландырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы он жылда елімізде "Бизнестің жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2,8 трлн теңгенің 16 мыңнан астам жобасы қаржыландырылды.
14.08.2020
-
Алматыда күзде 250 мыңға жуық жасыл желек отырғызылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жасыл қорды дамыту мәселелері және бірінші жартыжылдықтың жұмыс қорытындылары бойынша Алматы қаласы жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская онлайн брифингте айтып берді.
14.08.2020
-
Сенаторлар өкілетті органдармен онлайн кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенаты халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары коронавирус пандемиясы кезінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және гуманитарлық көмекті бөліп, тарату мәселесі бойынша денсаулық сақтау, сыртқы істер, қаржы министрліктерінің және тағы басқа мүдделі ведомстволардың басшыларымен видео конференция форматында кездесу өткізді.
14.08.2020
-
Мысырға рейстер қайта жанданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Мысырға алғашқы рейс ұшады.
14.08.2020
-
Шәмші Қалдаяқовтың мерейтойы қарсаңында өткізілетін іс-шаралар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрлігі 15 тамыз күні танымал композитордың 90 жылдығына арналған онлайн режиміндегі қызықты бірқатар іс-шаралар өтетіндігі туралы айтып берді.
14.08.2020
-
Президент өңделген өнімдер үлесін арттыруды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
14.08.2020
-
Шымкентте мың дана маска таратылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес елімізде орын алып отырған індеттің таралуын болдырмау мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
14.08.2020
-
Алғашқы күндер аса қиын болды – дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шілде айында № 4 Қостанай емханасының дәрігері Ғабит Атамбұзовқа Тобыл қалалық жұқпалы аурулар стационарының дәрігері ретінде қайта біліктілігін арттыруға тура келді. Міне, бұл жағдай туралы дәрігердің өзі айтып берді.
14.08.2020
-
Жұмысын қайта бастайтын қызмет түрлерінің тізбесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 тамыздан бастап карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары бекітілді.
14.08.2020
-
Нұр-Сұлтанда аз қамтылған отбасылардың балаларына планшеттер табыс етіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР БҒМ "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, мектеп білімінің онлайн режиміне өтуіне байланысты Қазақстан оқушыларын қажетті техникамен қамтамасыз етуге бағытталған "Oqýshyny qolda" акциясын бастады.
14.08.2020
-
Есмағамбетова карантинді жұмсартудың үш көрсеткішін атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында спорт жанкүйерлерін хоккей және футбол матчтарының трибуналарына жіберу жоспарлары туралы айтты.
14.08.2020
-
Жезқазған қаласының әкімі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жезқазған қаласының әкімі болып Қайрат Әбсаттаров тағайындалды.
14.08.2020
-
Алматыда бақылау камерасының арқасында 3 мыңнан астам қылмыс ашылды
Алматы, BAQ.KZ. Бейнебақылау жүйесінің көмегімен Алматыда жыл басынан бері үш мыңнан астам қылмыстың беті ашылды. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
14.08.2020
-
Жедел жәрдем қызметі күз және қысқы кезеңге дайын – Надыров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласындағы жедел жәрдем қызметі вирус өршіген жағдайда пациенттерді қабылдауға дайын. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров әкімдіктің әлеуметтік желісінде өткен онлайн брифингте айтты.
14.08.2020
-
Дін қағидаттарын түсіндіру маңыздылығы талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов "Kazislam" ақпараттық-танымдық интернет-порталының басшылығымен кездесті, деп хабарлады ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
14.08.2020
-
Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін демалыс күндері шектеу шаралары сақталады.
14.08.2020
Наверх