Реформаланған заңның іс жүзінде қолданылуы бойынша Қазақстан алда тұр – шетелдік судья

23 Қазан 2020, 12:06
1449
Бөлісу:
Реформаланған заңның іс жүзінде қолданылуы бойынша Қазақстан алда тұр – шетелдік судья

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстандағы және Өзбекстандағы GIZ өкілдіктерінің басшысы, Берлин қаласының судьясы Йорг Пуделька айтты.

Германия мен Қазақстан талай жылдардан бері көптеген салада жақсы серіктес. Германия Қазақстан Тәуелсіздік алған сәттен бастап сот жүйесін реформалау мәселесіне қатысты көмек көрсетуде. Қазақстан құқықтық жүйесін дамыту, ең алдымен, елдегі экономиканы және инвестициялық ахуалды дамытуға бағытталған. Германия Әкімшілік процессуалдық Кодекске баса назар аударады, - деді ол.

Йорг Пуделька Қазақстан реформаларды ойдағыдай жүзеге асырып келе жатқанын алға тартты.

Орталық Азиядағы 10 жылдан астам тәжірибем ішінде Қазақстан реформаларды жылдам іске асыра қоймағаны туралы айтуымыз керек. Бірақ Қазақстан реформаларды ойдағыдай жүзеге асыруда және сол арқылы азаматтар мен бизнеске нақты ықпалды қамтамасыз еткен, - деп атап өтті шетелдік судья.

Оның айтуынша, реформаланған заңның іс жүзінде қолданылуы маңызды. Осы мәселе бойынша Қазақстан өзінің ортаазиялық көршілерінен және Ресейден алда тұр. 

Қазақстанның жетістіктерін, әсіресе, халықаралық деңгейдегі табыстарын көргеніме қуаныштымын, - деді ол.

Сөз соңында Қазақстан судьяларының алдында реформалауда заңдарды қолдану міндеті тұр. Басталған реформалар заңдарды сот қызметінде қолдану мүмкін болған жағдайда ғана қажетті нәтиже беретінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы