Балаева қандай мемлекеттік БАҚ бірігетінін айтты

23 Қазан 2020, 13:31
1877
Бөлісу:
Балаева қандай мемлекеттік БАҚ бірігетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Бұқаралық ақпарат құралдарының біріктірілуіне келсек, бұл - уақыт еншісінде. Барлық мемлекеттік орган мен квазимемлекеттік сектор бюджетті оңтайландыру бойынша жұмыс істеп жатыр. Жалпы, біріктіру әкімшілік-шаруашылық оңтайландыруға ғана қатысты, ол шығармашылық бөлімге тиіспейді. Осыған дейін сәтсіз болған тәжірибені ескереміз. Қызметтің нақты алгоритмін әзірледік. Бастппқы кезеңде «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттері бірігеді. Жаңа жылдан кейін олар жеке ЖШС болады. Одан кейін «Қазақ газеттері» АҚ бірігіп, бірыңғай холдинг құрады, - деді ол. 

Балаева бұл бірігулердің барлығы шығармашылық ұжымға тиіспейтінін айтты. 

«Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» сынды брендтер сақталады. Бұл орайда газеттерде көп уақыт жұмыс істеген ұжымдарды түсінемін. Олар өздерінің басылымдарына қатысты алаңдаушылық білдіріп отырғаны заңды. Мемлекеттік тапсырысты жетілдіру бойынша бас редакторлармен дөңгелек үстелдер өткіздік. Онда барлық өзекті мәселе талқыланды. Қазір мемлекеттік тапсырысты бөлу бойынша жаңа тәртіптердің жұмысы аяқталуға жақын. Күн сайын БАҚ-пен кеңесіп, келіссөздер жүргізіп жатырмыз, - деді Балаева. 

Министр маркетингтік зерттеу жүргізілгенін айтты. Ол сараптамалық материалдарға ден қою жалғасатынын айтты. 

Қазіргі кезеңді зерделей отыра, мультимедиялық жобаларды көбейту бойынша міндет қойып отырмыз. Жұмыс тобы істі аяқтаған соң, кездесуде немесе брифинг барысында мемлекеттік ақпараттық тапсырманы бөлу туралы баяндаймыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы