«Қоғамдық бақылау туралы» заң қашан қабылданады?

23 Қазан 2020, 12:55
5213
Бөлісу:
«Қоғамдық бақылау туралы» заң қашан қабылданады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау барысы туралы айтты.

«Қоғамдық бақылау туралы» заңды әзірлеу халықты мемлекеттің шешімдерді қабылдау процесіне жасалған тағы бір қадам. Әрине, оны жүзеге асырудың тетіктері заңмен бекітілуі керек. Сондықтан Мемлекет басшысы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын арттыру мен есеп беруге бағытталған «қоғамдық бақылау туралы» заң әзірлеуді тапсырды. Бүгінгі қоғамдық бақылаудың формалары қоғамдық қызметтер, мемлекеттік қызметтер, экология, жер қойнауын пайдалану сынды әртүрлі заңнамалық актілер арқылы реттеліп жүр. Бүгінгі күнге дейін қоғамдық бақылау қағидаларын бір жүйеге келтіріп, оның қолданыс аясын арттыратын бірыңғай бекітілген құрылым түзуші заң конституцияда, конституциялық заңдар мен ережелерде жоқ. Сондықтан құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, адвокаттар мен ҮЕҰ өкілдері, құқыққорғаушылар бар арнайы жұмыс тобы құрылды, - деді ол.

Балаева атап өткендей, заң жобасы қоғамдық бақылаудың ең маңызды тетіктерін бекітеді. 

Адам және азаматтар құқығының басымдығы, қоғамдық бақылау субъектілерінің ашықтығы мен объективтілігі, қоғамдық бақылауға кедергі келтірмеу және олардың қызметі туралы ақпаратқа қолжетімдігі қарастырылады. Құжат дайын болған соң қоғамдық талқылауға ұсынылады. Заң жобасын 2021 жылдың маусымында қабылдау жоспарланып отыр, - деді министр.
Бұған дейін Аида Балаева өз министрлігі Жолдауды қалай жүзеге асырып жатқанын айтқан еді.
Өзгелердің жаңалығы