Судьялар адам құқығының мүлтіксіз сақталуын басты назарда ұстауы керек – Президент

23 Қазан 2020, 12:13
1943
Бөлісу:
Судьялар адам құқығының мүлтіксіз сақталуын басты назарда ұстауы керек – Президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезінде айтты.

Адам құқықтары және заңның үстемдігі. Әлемдегі алпауыт елдердің тұрақты дамуы адам құқықтарын қорғау және заңның үстемдік ету мәселесіне тікелей байланысты. Судьялар корпусы өздерінің күнделікті жұмыстарында осы ұстанымдар мен құндылықтарды басшылыққа алуға тиіс. Судьяларымыз адам құқықтарының мүлтіксіз сақталуын басты назарда ұстауы керек. Елдің судьялары ұдайы түрде кәсіби біліктілігін арттырып, жұмыс тәсілін жетілдіріп, қалыптасқан ойлау жүйесін өзгертіп отыруы қажет. Бұл үшін сот саласындағы өзекті халықаралық үдерістерді ескеріп, судьялардың халықаралық қауымдастықтармен тығыз байланыс орнатуы маңызды, - деді Тоқаев. 

Ол атап өткендей, судьялардың тәуелсіздігіне ешкімнің күмәні болмауы керек. 

Бизнес, инвесторлар қазақстандық соттардың заңды шешім шығармауына күмән келтірмеуі керек. Кейінгі кезде соттарға БАҚ пен әлеуметтік желілерден қысым көрсетіліп жатыр. Сот процесі жүріп жатса да, журналистер мен блогерлер дау тудырып жатады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы