Жаңалықтар
-
-
Қазақстанның фармация саласы қалай дамып жатыр?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі таңда еліміздегі фармацевтика нарығы 92 млрд теңгенің өнімін беріп отыр. Ал 2000-шы жылдары бұл көрсеткіш 37 млрд теңге болған, қазір 3 есеге өсті. Бұл туралы еліміздің фармацевтика саласын зерттеп жүрген экономист Перизат Орынбет Center of Business Analytics GSB UIB алаңында айтты.
23.10.2020
-
Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай монета шығады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық Банкі номиналы 100 теңгелік МН 25 мельхиор қоспасынан «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан «JUBAN MOLDAǴALIEV.100 JYL» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.
23.10.2020
-
Бүгін Қазақстан судьяларының VIII съезі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан судьяларының VIII съезі өз жұмысын сағат 11.00-де бастайды.
23.10.2020
-
Нұрымбетов әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қазанның соңғы жексенбісінде атап өтілетін Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күні қарсаңында әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
23.10.2020
-
Жастар мәселесі қоғам назарында – басқарма басшысы
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысының әрбір бесінші тұрғыны 30 жасқа жетпеген жастар. Жастар мәселесімен өңірде 19 жастар ресурстық орталығы айналысады.
23.10.2020
-
Қазақстандық студенттер мен оқушыларға арналған жаңа бағдарлама іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Astana Hub серіктесі қазақстандық студенттерге арналған Startup Explore бағдарламасын іске қосады. Бағдарлама тегін оқуға арналған грант орындарын ұсынады.
23.10.2020
-
Елордада «Абай» операсының кейіпкерлері» атты көрме өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 қараша күні «Астана Опера» театрында ұлы ағартушы, ойшыл, философ, ақын, әрі композитор Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай» операсының кейіпкерлері» атты көрме ашылады.
23.10.2020
-
Вирустың таралуы күшейе қалса, дәрігерлер тастүйін дайын болуы тиіс
Тараз. BAQ.KZ тілшісі. Жасыратыны жоқ, карантин талаптары жеңілдетілгелі бері жұрт арқаны кеңге салып, той тойлап, алыстағы ағайын-туысын аралап кетті. Жергілікті атқарушы органдар бірқатар нысандарға санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұмыс істеуге рұқсат бергені – вирустың таралуы тоқтады деген сөз емес.
23.10.2020
-
Ангиограф аппараты 65 жастағы тұрғынның өмірін сақтап қалды
Тараз. BAQ.KZ тілшісі. Диагнозды дұрыс қойып, дер кезінде медициналық көмек көрсетілсе, адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік көп.
23.10.2020
-
8 жасар қари қажылыққа баратын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы республикалық маңызы бар «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы ұйымдастыруымен қасиетті Құран Кәрімді мәнерлеп және жатқа оқудан ІХ республикалық байқауы аяқталды.
23.10.2020
-
КВИ мен пневмониядан 6 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 782 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
23.10.2020
-
КВИ белгілері бар пневмонияның 186 жағдайы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2020 жылғы 23 қазанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жариялады.
23.10.2020
-
Ғарышта 7 ай жүргендер Қарағанды облысына оралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысына ғарыштан оралған ресейліктер Жезқазғаннан 150 шақырым жерге капсуламен түскен «Союз МС-16» ғарыш кемесінің экипажы шұғыл түрде еліне жөнелтілді, деп хабарлайды КТК арнасы.
23.10.2020
-
Өткен тәулікте коронавирустан 108 адам емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 108 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлайды.
23.10.2020
-
Өткен тәулікте 179 адамнан коронавирус расталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 179 адамда коронавирус індеті ПТР-тест арқылы расталды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.
23.10.2020
-
Синоптиктер еліміздегі ауа сапасы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 23 қазанда еліміз қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы айтты.
23.10.2020
-
Маңғыстаулық келіншек күніне 2 мыңға жуық кір сабын өндіруде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстаулық келіншек кішігірім цехта күніне 2 мыңға жуық кір сабын жасап отыр.
23.10.2020
-
Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандарға мемлекеттің назары қажет - Тұрғынов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Табысы төмен азаматтарды кіріс салығынан босату ұсынылды. Бұл туралы Көкшетауда «Қазақстандағы өзін-өзі жұмыспен қамтушылар экономика дамуының нақты көрсеткіші» тақырыбында өткен қоғамдық талқылау барысында айтылды.
23.10.2020
-
Ешкім сізді құтқаратынына жүз пайыз кепіл бола алмайды - СҚО әкімі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО әкімі Құмар Ақсақалов коронавирус инфекциясынан емдеу тиімділігін рулеткамен салыстырды. Бұл туралы ол әлеуметтік желілерде тікелей эфир кезінде өз оқырмандарына айтты.
23.10.2020
-
Шымкенттегі «Төлем» жүйесінің логотипі Трамптікіне ұқсас боп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте автобустардың электронды төлем жүйесі енгізілмей жатып басы дауға қалды.
23.10.2020
Наверх