Жаңалықтар
-
-
Тоқаев жеңімпаз қыздарды құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Азия чемпионатында жеңіске жеткен боксшы қыздарды құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
31.05.2021
-
Оқушылардың 87 пайызы сауықтыру шараларымен қамтылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасы Есенғазы Иманғалиев айтты.
31.05.2021
-
ТЖМ балалардың суға кетуінің негізгі себебін атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов ОКҚ-да өткен брифингте балалардың суға кетуінің негізгі себебін атады.
31.05.2021
-
Ұлттық орталыққа Мәжіліс депутаттары келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Саяси қуғын-сүргін және Ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Қолжазбалар және сирек кітаптар Ұлттық орталығына Парламент Мәжілісі депутаттары Жұлдыз Сүлейменова, Лариса Павловец, Вера Ким арнайы келіп, ғылыми қызметкерлер және реставраторлармен кездесті.
31.05.2021
-
Елімізде 469 шомылу орны бар – ТЖМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов ОКҚ-да өткен брифингте елімізде қанша шомылу орны бар екенін айтты.
31.05.2021
-
Жыл басынан бері 749 мыңнан астам адам АӘК алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 152,3 мың отбасындағы 749,8 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 122,8 млрд теңге бөлінді.
31.05.2021
-
Министр «Темірлан-Ернат» домбырашылар дуэтін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Темірлан-Ернат» домбырашылар дуэтін қабылдап, Лондонда өткен дəстүрлі Golden Time Talent халықаралық фестивалінде жеңіске жетуімен құттықтады.
31.05.2021
-
Биыл қанша бала лагерьге барады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасы Есенғазы Иманғалиев биыл қанша бала сауықтыру лагерьлеріне жіберілетіні туралы айтты.
31.05.2021
-
Қарағанды облысының прокуроры тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен Қарағанды облысының прокуроры лауазымына 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Игембаев Құсайын Абзалбекұлы тағайындалды.
31.05.2021
-
Жалағаштықтар мемлекеттік бағдарламаның көмегімен мал шаруашылығын дамытуда
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғындары отбасылық бизнеске бет бұруда. Биыл ауданда «Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 200-ден астам жобаны қаржыландыру жоспарланды. Сәуір айында 15 ауыл тұрғыны 583 400 теңге қайтарымсыз қаражатқа қол жеткізді.
31.05.2021
-
«Ashyq»: Назарбаев әуежайында «қызыл» мәртебесі бар 160 жолаушы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында «Ashyq» қосымшасы енгізілгелі 160 «қызыл» мәртебесі бар және 99 «сары» мәртебесі бар жолаушы анықталды. Әуежайдың баспасөз қызметі өкілі Анвар Шалекеновтың айтуынша, азаматтар «Ashyq» қосымшасын қолдануды үйренген.
31.05.2021
-
Нығматулин Жапония Парламентінің спикерімен келіссөз жүргізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Жапония Парламенті Өкілдер Палатасының спикері Тадамори Ошимамен Қазақстан мен Жапония арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен парламентаралық диалогты нығайту туралы келіссөз жүргізді.
31.05.2021
-
Қазақстанда инвестициялық белсенділікті қалпына келтіру болжамы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2022-2023 жылдары Қазақстан экономикасына құйылатын тікелей шетел инвестициясының көлемі артады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров айтты.
31.05.2021
-
Шарында құтқарылған оқушының жағдайы тұрақты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Балалар ауруханасында Шарын шатқалындағы зардап шеккен оқушының жағдайы туралы айтылды.
31.05.2021
-
Өзбектер Samsung телефонын көбірек ұстайды. Apple-дің Қазақстанда емес, Өзбекстанда ашылу себебі айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Apple компаниясының кеңсесінің Қазақстанда емес, Өзбекстанда ашылуының себебін түсіндірді.
31.05.2021
-
Атырауда 17 ауыл әкімінің өкілеттілігі аяқталады – аумақтық сайлау комиссиясы
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысыда 2013 жылдан бері ауыл әкімдерінің сайлауы жанама түрде өтіп келеді. Сондықтан өңірдегі сайлау комиссиясының бұл жобада тәжірибесі қандай? Аймақта қанша ауылдың әкімі сайлануы мүмкін? Әкімдікке кімдер кандидаттығын ұсына алады? Осы сұрақтар бойынша Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовпен сұхбаттастық.
31.05.2021
-
Өзбекстан құтқарушылары жоғалған туристерді іздестіруге тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тауда жоғалып кеткен туристерді іздестіруге Өзбекстан ТЖМ құтқарушылары тартылды. Олар Өзбекстан жағынан Өгем өзенінің арнасын бойлай Чарвак су қоймасына құятын жерге дейінгі шекара аумағын тексеруде. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
31.05.2021
-
Түрлі жала жабылған жазықсыз жандар тағдыры тарихи әділеттілікті талап етеді – Досмұхамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халқымыз мыңдаған жылдық тарихында талай аласапыранды бастан кешірді. Бірақ, өткен ғасырдағы ең ауыр нәубет пен зобалаң ұлттың жадында жатталып, ұлттық тарихтың қаралы парақшасына қанды жаспен жазылды, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
31.05.2021
-
Солақай саясаттың құрбаны болып, аштық тауқыметін тартқан бабалар рухына тағзым – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 мамыр – XX ғасырдағы кеңестік биліктің тоталитарлық саясаты салдарынан саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қайраткерлеріміз бен ашаршылық құрбандарын еске алатын тарихымыздағы тақсыретті күн.
31.05.2021
-
Балқаш маңында күн электр стансасы салынып жатыр
Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. Балқаш қаласының жанындағы Қоңырат елдімекеніне жақын жерде күн электр станциясының құрылысы жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 39 миллиард 51 миллион тенге. Күн электр станциясы 140 гектар аумақта орналасатын болады. Қоңырат елдімекенін электр қуатымен қамтитын энергия көзі 2022 жылы пайдаланылуға беріледі деп жоспарлануда.
31.05.2021
Наверх