Жаңалықтар
-
-
Ескертуден кейін BI GROUP пәтер бағасын орташа есеппен 9%-ға төмендетті
Алматы, BAQ.KZ. Монополияға қарсы органның хабарламасынан кейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау және Шымкенттегі бірқатар тұрғын үй кешеніне 2021 жылдың 17 тамызынан бастап баға төмендетілді. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.
19.08.2021
-
ҚТЖ-ның 81 мыңнан астам қызметкері екпе алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаппай Covid-19 қарсы екпе алудың арқасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да қызметкерлер иммунитетінің жалпы деңгейі 77% жетті.
19.08.2021
-
Ресейде жойғыш ұшақ құлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде Астрахань облысында МиГ-29 ұшағы құлады. Ұшқыш қаза тапты.
19.08.2021
-
Ұстаз Әліппе мен Сауат ашу оқулықтарының басты айырмашылығын атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әліппенің қайтып оралатыны туралы жаңалық ата-аналармен қоса мектеп мұғалімдерін қуантып қойды. Не дегенмен жылдар бойы үйреншікті болып кеткен оқулықпен қауышу көпшіліктің арманы еді. Қазақстандық педагог, елордалық №63 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Марал Смағұлова биылғы бірінші сынып оқушыларының қайта Әліппемен оқуына қатысты пікірімен бөлісіп, Әліппе мен Сауат ашу оқулықтарының айырмашылығы неде екенін түсіндіріп берді.
19.08.2021
-
Елордада тағы бір бала суға кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 18 тамызда тағы бір бала суға кетті. Кеше кешке 18 сағат 39 минутта елордалық құтқару қызметінің "101" пультіне Сарыарқа ауданы Аққорған көшесі бойынша Есіл өзеніне қыз баланың суға батуы бойынша хабарлама келіп түскен.
19.08.2021
-
Жоюға тапсырылған ескі көліктер саны 200 мыңнан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасы басталған күннен бастап бүгінге дейін 200 104 ескі көлікті жоюға тапсырды.
19.08.2021
-
Асқар Умаров Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Асқар Қуанышұлы Умаров ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
19.08.2021
-
Қарағандылықтар тегін қазақ тілі курстарына жазыла алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандылықтарға қазақ тілін тегін үйренуге мүмкіндік беріледі. Онлайн-курстарға қабылдау туралы Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі хабарлады.
19.08.2021
-
Қазақстандықтарға 960 000 теңге төлеп жатыр деген ақпарат жалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда алаяқтар тағы да әрекет ете бастады. Қаскүнемдер қоңырау шалып, өздерін Nur Otan партиясының қызметкерлері ретінде таныстырып, 960 000 теңге көлемінде төлем ресімдеуді ұсынады. Ол үшін SMS арқылы жіберілген кодты айту керек.
19.08.2021
-
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 397,6 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болды. 288,8 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 166,3 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды.
19.08.2021
-
Елімізде 6,2 млн-нан астам адам екпе салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 19 тамыз күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
19.08.2021
-
Ашраф Ғани: Мен қашқан жоқпын, халқымның аман қалуын қаладым
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен Араб Әмірліктерінде жүрген Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елінен кеткелі алғаш рет ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Хабар 24»
19.08.2021
-
Бір тәулікте коронавирус пневмониясынан 18 адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясын 421 адам жұқтырып, 18 адам қайтыс болды.
19.08.2021
-
Өткен тәулікте 6666 адам коронавирустан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 6666 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
19.08.2021
-
Өңірлердегі эпидемиялық ахуал әлі күрделі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 19 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
19.08.2021
-
Қазақстанда 7337 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 7337 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
19.08.2021
-
Өскеменде әскери қызметші ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында вакциналау паспортын қолдан жасау фактісі анықталды.
19.08.2021
-
АҚШ Ауғанстан банкінің қаражатын бұғаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық валюта қорының есебі бойынша, АҚШ есеп-шоттарында ауған орталық банкіне тиесілі 9 млрд доллар бар.
19.08.2021
-
Асыл тұқымды малға арналған субсидия сұлулық салонына берілген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі басшылығының қатысуымен кеңес өтті.
19.08.2021
-
Павлодарда әйелін өртеп жіберген ер адам қамауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында жанжал кезінде әйелін өртеп жіберген ер адам қамауға алынды.
19.08.2021
Наверх