Жаңалықтар
-
-
Тоқаев Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишельмен келіссөз жүргізді
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишельмен бейнебайланыс режимінде екіжақты келіссөз жүргізді. Виртуалды кездесу еуропалық тараптың бастамасымен өтті.
10.01.2022
-
Елордада азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ – Ерлан Бекмұрзаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына күн сайын мониторинг жүргізіледі. Қала әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев Нұр-Сұлтанда азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ екенін атап өтті, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
10.01.2022
-
Павлодарда облыстың басты шыршасын алып тастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орталық алаңдағы облыстың басты шыршасы алынды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
10.01.2022
-
ШҚО-да ірі кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істеп тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда болған тәртіпсіздікке қарамастан, Шығыс Қазақстанның ірі кәсіпорындары штаттық режимде өз жұмыстарын жалғастыруда.
10.01.2022
-
Алматы мен елорда арасында тағы төрт қосымша пойыз іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ бүгін Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары арасында тағы төрт қосымша коммерциялық пойызды іске қосады.
10.01.2022
-
Алматыдағы лаңкестіктен зардап шеккен мәдени нысандар анықталып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрлігі қазіргі уақытта мәдениет, архив, спорт, туризм нысандары бойынша келтірілген залалға талдау жүргізіліп жатқанын хабарлады.
10.01.2022
-
Алматыда автобустар 20-30 минут сайын жүреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық штаб қоғамдық көліктер 20-30 минут сайын жүретінін мәлімдеді.
10.01.2022
-
Бейбіт митингіге шығу мәдениетінен жұрдаймыз – Рахат Арғынбай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Біз қиратып жатқан бүкіл материалды дүниелер моральдің құлдырауына әкеледі. Бұл пікірді «Оңтүстік» телеарнасының журналисі, белсенді жас Рахат Арғынбай айтты.
10.01.2022
-
Фейк: Мектептерге «жасыл» статусы бар оқушылар ғана жіберіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қысқы демалыс аяқталғаннан кейін мектептерге Ashyq жүйесінде «жасыл» статусы бар оқушылар ғана кіре алады деген ақпарат таратылуда.
10.01.2022
-
Күшіміз ынтымақ пен бірлікте – Дәулет Уранхаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі уақытта Швейцарияда, әлемдегі ең ірі спорт қауымдастықтарының бірінде жұмыс істейтін отандасымыз Дәулет Уранхаев еліміздегі жағдай үшін алаңдайтынын жеткізді.
10.01.2022
-
Алматыда тауар жеткізу қалпына келтірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Magnum-дан түскен ақпарат бойынша ірі жеткізушілердің, соның ішінде нан өндірушілердің тауарларын жеткізу қайта жанданды.
10.01.2022
-
«Азаматтық борышым». Қазақстандық кәсіпкер зардап шеккен бизнеске 500 млн теңге аударады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық меценат, «ҚазАзот» АҚ басшысы Бахаридин Аблазимов бүлік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдап, 500 млн теңге көмек көрсетеді. Қаржы кәсіпкерлік субъектілерін қалпына келтіру үшін құрылған «Күшіміз бірлікте» қорына аударылады. Бұл – қорға түсетін алғашқы қомақты қаржы.
10.01.2022
-
Ақмола облысында ТЖ режимін бұзудың 323 дерегі анықталды
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірде төтенше жағдай режимі мен коменданттық сағат енгізілгеніне және ақмолалықтардың бұл туралы білетініне қарамастан, ереже бұзған 323 адам тіркелді.
10.01.2022
-
Жастар тарапынан көмек қолын созуға дайынбыз – Ілияс Түстікбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның әр өңірінде жастардан тұратын ерікті топтар құрылып жатыр. Олар жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып қираған құрылыс нысандарына, жапа шеккен халыққа көмектеседі. Бұл туралы Қазақстан студенттері Альянсының төрағасы Ілияс Түстікбаев айтты.
10.01.2022
-
ШҚО-да 70-ке жуық әскери қызметкер зардап шеккен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәртіпсіздік кезінде ШҚО-да 70-ке жуық әскери қызметкер зардап шеккен.
10.01.2022
-
Аймақтық білім басқармаларының жедел желілері іске қосылды - БҒМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрлігі аймақтық білім басқармаларының жедел желілері іске қосылғанын хабарлайды.
10.01.2022
-
Мақтаарал ауданында 4 блок-бекет жұмыс істеп тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдегі Төтенше жағдайға байланысты Мақтаарал ауданында 4 блок-бекет жұмыс істеп тұр.
10.01.2022
-
ТЖ: Алаяқтар супермаркеттен азық-түлік жеткіземіз деп алдауда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алаяқтар супермаркеттен азық-түлік жеткіземіз деп алдауда. Бұл туралы stopfake.kz хабарлады.
10.01.2022
-
Теңіз кен орнында күзет күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай, Атырау өңірінің де экономикалық әрі стратегиялық маңызға ие ірі өнеркәсіп орындарына әскери күзет қойылды.
10.01.2022
-
Айбек Хоршатұлы: Орталықтан шалғайда болсақ та, ел Президентімен біргеміз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО Ақжар аудандық мәслихатының хатшысы Айбек Хоршатұлы еліміздегі жағдайға қатысты Президентті қолдауға шақырды. Бұл туралы депутат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
10.01.2022
Наверх