Жаңалықтар
-
-
Ақтөбеде филологтар Конституциялық реформаға енгізілетін өзгерістерді талқылады
Ақтөбе облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің филология факультетінде «Қазақстандағы референдумның өткізілу мақсаты мен міндеті» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде оқытушылар Конституциялық реформаның маңызы мен оған енгізілетін өзгерістер жайын талқылады.
01.06.2022
-
Мәжіліс депутаттары мен металлургтер референдумды талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясының мүшелері Берік Әбдіғалиұлы мен Юрий Жулин Қарағанды облысына сапарын шалғай ауылдарды аралаудан бастап, бүгін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ метталлургиялық комбинатының ұжымымен кездесті.
01.06.2022
-
Қарағандыда «БалаFEST» фестивалі өтті
Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда Балалар жылы аясында 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «БалаFEST» фестивалі өтті.
01.06.2022
-
Ақтөбеде Балаларды қорғау күні тойланды
Ақтөбе облысы. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ақтөбе қаласында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған 40-тан астам мерекелік шара өтті.
01.06.2022
-
Балаларға арналған қайырымдылық акциясы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасы «Құлыншақ» қоры қамқорлығындағы балалар үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
01.06.2022
-
Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 87-бап
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі қолданыстағы Конституцияда өзгерістер мен толықтырулар енгізілген баптардың бір қатары Ата заңның Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқаруды қамтыған VIII бөлімі.
01.06.2022
-
Итбалықтардың неден өлгені анықталып жатыр - министрлік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға сапары барысында Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтында болып, Каспий итбалығының азайып кету себебін зерделеп, осы бағытта іргелі зерттеулер жүргізу қажет екенін атап өтті. Президент осы өзекті мәселені өз бақылауына алатынын айтты.
01.06.2022
-
Мәжіліс депутаттары ақтөбеліктермен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары Ғалымжан Елеуов, Аманғали Бердалин «Қазақтелеком» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы ұжымымен кездесті. Онда еліміз түбегейлі өзгерістердің алдында тұрғанын айтып, оның негізгі қозғаушы күші — конституциялық реформалар екенін айтты.
01.06.2022
-
Сәбит Исмұратов: Референдумді тың қадамдарға бастайтын жол ретінде көреміз
Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Қостанайлық қоғам белсенділерімен жүздесті.
01.06.2022
-
Алаяққа сенген ақмолалықтар 15 млн теңгеден астам қаржыдан айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тек бір тәулік ішінде Полиция департаментінің бірнеше аумақтық бөлімшелеріне алаяқтық фактілері бойынша өңір тұрғындарынан бірден сегіз өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.
01.06.2022
-
Референдум әділетті Қазақстан құрудың алғышарты – Мәжіліс депутаты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында жұмыс сапарымен жүрген «AMANAT» партиясының мүшелері, Мәжіліс депутаттары Бақытбек Смағұл мен Геннадий Шиповских Жалағаш ауданындағы жетекші шаруашылықтардың бірі «Таң LTD» еңбек ұжымымен кездесті.
01.06.2022
-
Таеквандодан қазақстандық мамандар халықаралық төреші атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзербайжан астанасы Бакуде таеквондодан жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған семинар өттті, деп хабарлады Olympic.kz.
01.06.2022
-
«Balapan» телеарнасы республикалық балалар фестивалін өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ «Balapan» телеарнасы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесіп, «Балалар жылы» шеңберінде республикалық «BALAPAN ӘЛЕМІ» атты Open Air фестивалін өткізді.
01.06.2022
-
Президент Білім және ғылым министрлігін бөлуді ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының сессиясында сөйлеген сөзінде осындай ұсыныс жасады.
01.06.2022
-
Қанатбек Сафинов Шымкент медиаторларына Конституциядағы өзгерістер туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаты Қанатбек Сафинов Түркістан облысы мен Шымкент қаласында медиаторлармен және уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесіп, медиацияны дамыту мәселелері бойынша әңгіме өрбітті.
01.06.2022
-
Ата-аналар: Ойын алаңы тар, балалар кең жер іздеп кетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімдігі 25 қабаттан тұратын "Эгалите" тұрғын үй кешенінің жанындағы сүрілген жатақхана орнына балалар алаңқайын емес көпқабатты үй салмақшы. Бұл іске жергілікті тұрғындар наразы екендіктерін жеткізді.
01.06.2022
-
Түркістанда «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа технологиямен жабдықталған «Қамқорлық» балалар оңалту орталығы жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар науқас балаларды қабылдап, ем-дом көрсетеді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
01.06.2022
-
Қаңтар оқиғасы: Алматы бойынша шығын – 98 миллиард теңге
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қылымжанов Қаңтар оқиғасы кезінде ғимараттарды қиратулар, өртеу және қарулы шабуылдар нәтижесінде Алматы қаласы бойынша алдын ала шығын 98 млрд теңгені құрағанын айтты.
01.06.2022
-
Мемлекет басшысының Ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда сөйлеген сөзі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда сөйлеген сөзі Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
01.06.2022
-
Елордада Балаларды қорғау күніне орай инклюзивті балабақша ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 2022 жылғы 1 маусымда елордамызда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған балабақша ашылды, деп хабарлайды Астана медициналық университетінің баспасөз қызметі.
01.06.2022
Наверх