Таеквандодан қазақстандық мамандар халықаралық төреші атанды

1 Маусым 2022, 20:20
1053
Бөлісу:
Таеквандодан қазақстандық мамандар халықаралық төреші атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзербайжан астанасы Бакуде таеквондодан жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған семинар өттті, деп хабарлады Olympic.kz.  

Аталған семинарға қазақстандық мамандар да қатысып, білімін жетілдірді. 

Халықаралық семинар қорытындысы бойынша үш қазақстандық маман, атап айтқанда, Малика Жандаева (Алматы қаласы), Айдана Махимова (Атырау облысы) және Асылбек Байқоңыров (Жамбыл облысы) халықаралық дәрежедегі төреші атағына ие болды.  

Өзгелердің жаңалығы