Президент Білім және ғылым министрлігін бөлуді ұсынды

1 Маусым 2022, 19:34
2292
Бөлісу:
Президент Білім және ғылым министрлігін бөлуді ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда сөйлеген сөзінде осындай ұсыныс жасады.

Оның бірі жоғары білім және ғылым мәселелерімен айналысатын болады. Жалпы, мен атап көрсеткен шешімдер қазақстандық ғылымды кешенді дамытуға, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық прогресіндегі үлесіне бағытталған», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ғылыми зерттеу жұмыстарының сапасын арттыру мүмкіндіктеріне де тоқталды. 

Бұған қоса ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын айтарлықтай деңгейде көтеруге мүмкіндік беретін Ұлттық дәйексөз алу жүйесін құруымыз қажет деп есептеймін. Бұл қадам қазақстандық ғылыми журналдардың әлеуетін нығайтуды талап етеді, - деді Президент. 

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда сөз сөйледі.

Өзгелердің жаңалығы