Балаларға арналған қайырымдылық акциясы өтті

1 Маусым 2022, 21:35
2128
Бөлісу:
Балаларға арналған қайырымдылық акциясы өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасы «Құлыншақ» қоры қамқорлығындағы балалар үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. 

Балаларға арналған қайырымдылық акциясы өтті

160 адам   бүгін Бурабай ұлттық паркіне экскурсияға шықты. Кішкентай қонақтар ашық аспан астындағы «Ботай-Бурабай» музейін, зообағы мен аттракциондар паркі бар «Визит-центр» курортын және Абылай хан алаңындағы мультимедиялық интерактивті кешенді аралады. 

Балаларға арналған қайырымдылық акциясы өтті

Сұлу көлдің жағасында орналасқан Оқжетпес санаторийінде оларға түскі ас әзірленді. 

Біздің қайырымдылық қор балаларға табиғаттың жауһарлары мен Бурабайдың тарихи байлығын көрсету бастамасын бағалай отырып, біз де оны қолдадық, - дейді «Құлыншақ» балалар қайырымдылық қорының басшысы Аманкелді Қайырбеков.

Балаларға арналған қайырымдылық акциясы өтті

Біз осы күні балаларға көңіл аударып, уақыт бөлу және объектілерге баруға жағдай жасау аса маңызды деп санаймыз, себебі қала сыртына шығып, туристік объектілерге баруға үнемі мүмкіншілік бола бермейді» - деп атап өтті А. Қайырбеков

 Балалардың эмоцияларын оларды алып жүрген ата-аналары жеткізіп жатты. 8 баланың анасы Зульфия Тілеуова эмоцияға толы қуат алғанын айтып бөлісті: 

«Бұл сапар олардың қажырлы еңбегі үшін өзіндік награда болды деп білемін, өйткені олар күнде еселі еңбек етіп, өздерінің замандастарына қарағанда жақсырақ жасауға, күнделікті қиындықтарды еңсеруге тура келеді. Жаңа әсерлер мен эмоциялар, достарымен араласу балалардың ой-өрістерін кеңейтеді және оларды рухтандырады, ал біз үшін осындай көңіл-күйлері баға жетпес құндылық, келісесіздер деп ойлаймын. Ал Бурабайға барған сапар – бұл тура және жанама мағынасында айтқанда таза емдік ауамен тыныстаудың пайдаға асқаны». 

Балаларға арналған қайырымдылық акциясы өтті

Акцияға қатысушылардың назарын ерекше аударған объект «Визит центр» жанындағы зообақ болды. 

«Біздің зообақтағы жануарлар әртүрлі себептермен жабайы табиғатта өмір сүре алмайды. Кейбірі туа салып анасынан айырылғандықтан, адамның қолынан тамақтанып үйренген, екінші біреулері емделгендіктен, ұша алмайды. Осында туылғандары да бар. Олардың орманда өліп қалмаулары үшін осындай зообақ құрылған. Ол сонау 1976 жылы ашылған.

Балаларға арналған қайырымдылық акциясы өтті

Адамдар оқып, біздің аз әрі кішкентай жануарларымызды күтіп ұстауды үйренуі үшін әрбір мекендеушіні торлы орындарға жайғастырдық» - дейді «Бурабай даму» ұйымының бас менеджері Олжас Данияров. 

Өзгелердің жаңалығы