Қаңтар оқиғасы: Алматы бойынша шығын – 98 миллиард теңге

1 Маусым 2022, 18:48
1250
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы: Алматы бойынша шығын – 98 миллиард теңге

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қылымжанов Қаңтар оқиғасы кезінде ғимараттарды қиратулар, өртеу және қарулы шабуылдар нәтижесінде Алматы қаласы бойынша алдын ала шығын 98 млрд теңгені құрағанын айтты. 

Оның ішінде 1592 бизнес субьектілеріне 92 млрд теңге залал келтірілген.

Құрылымдық күштердің 9 қызметкері қаза болып, 2260-ы дене жарақаттарын алды. Қылмыскерлердің көрсетілген әрекеттері заң бойынша терроризм актісі ретінде сараланады. Қаңтар оқиғалары кезеңінде жасалған барлық қылмыстар бойынша тергеу органдарымен Алматы қаласында барлығы 1066 қылмыстық іс тергелуде, – деді ол.  

Тергеу істерінің ішінде бесеуі жаппай тәртіпсіздіктер, бесеуі терроризм актілері бойынша тергеліп жатыр. Ал соттың санкциясымен қамаудағы адам саны 205 күдіктіні құрайды.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мемлекет Алматы қаласы бойынша қаңтар оқиғалары барысында зардап шеккен азаматтарға шамамен 11 млрд теңге төленгенін хабарлады. 

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша, Қаңтар оқиғалары барысында автомобильдері бүлдірілген Алматы қаласының тұрғындарына тағы 258 млн теңге төленді. Бүгінгі таңда қылмыстық істер бойынша 342,1 млн теңгеге бағаланатын ұрланған мүлік алып қойылды. Бұл ретте біз сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сапасына ғана емес, сондай-ақ оны барынша жедел аяқтауға екпін қоямыз, – деді ол.   

Өзгелердің жаңалығы