Мәжіліс депутаттары мен металлургтер референдумды талқылады

1 Маусым 2022, 22:20
1256
Бөлісу:
Мәжіліс депутаттары мен металлургтер референдумды талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясының мүшелері Берік Әбдіғалиұлы мен Юрий Жулин Қарағанды облысына сапарын шалғай ауылдарды аралаудан бастап, бүгін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ метталлургиялық комбинатының ұжымымен кездесті. 

 Бұл туралы «AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалы хабарлайды.

Депутаттар металлургтермен Конституцияның ел дамуындағы рөлін және жаңа Қазақстанды құрудағы конституциялық реформаның маңыздылығын талқылады. 

Мәжіліс депутаттары мен металлургтер референдумды талқылады

Юрий Жулин конституциялық реформа ауқымды және түбегейлі өзгерістерге жол ашатынын атап өтті. 

Конституциялық соттың құрылуы азаматтардың өздерінің конституциялық құқықтарын қорғау мүмкіндіктерін кеңейтеді. Конституцияға енгізілетін өзгерістер Конституциялық Кеңестің өкілеттігін кеңейтпейді, керісінше, құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірілген деп санайтын азаматтарға мәселені қарау үшін тікелей конституциялық сотқа жүгінуге құқық береді. Бұған дейін Конституциялық Кеңес Президенттің және Мәжіліс депутаттарының 2/3-інің сауалы бойынша осы немесе өзге заңның Конституцияға қаншалықты сәйкес келетіні жөнінде түсініктеме берген болатын. Енді конституциялық сот әрбір қазақстандыққа қабылданған шешімнің айқындығы тұрғысынан қорытынды алу үшін жоғары қадағалау органына жүгіну құқығын беретін болады, - деді. 

Өз кезегінде Берік Әбдіғалиұлы референдумды маңызды саяси оқиға екенін атап өтті.  

Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, Қазақстан тарихындағы жаңа тарауды Конституцияға түзетулер ашады. Қоғамның және елдің өміріне жан-жақты әсер ететін елдің саяси жүйесін қайта іске қосудың өршіл мақсаттары қойылған, – деді депутат. 

Ал «АрселорМиттал Теміртау» АҚ үшінші домна пеші учаскесінің жетекшісі Марлен Байбусинов заңға енгізілген толықтырулар мен түзетулер туралы айтып, референдумға өз қолдауын білдірді. 

 Біз көптеген жылдар бойы елдегі халық пен демократия санасының өзгеруі туралы айтып келеміз. Сондықтан референдум бұған ықпал етеді деп санаймын. Мен референдумды қолдау үшін міндетті түрде 5 маусымда өзімнің сайлау учаскеме барамын, - деді металлург.

Кездесуге қатысушылар ұсынылып отырған жаңа өзгерістерге талдау жасап, конституциялық реформаның маңыздылығын, оның ішінде азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейту, құқық қорғау саласын нығайту мәселелерін талқылады. Металлургтер де зейнет жасын төмендету мүмкіндігі туралы өз ұсыныстарын айтты.

Өзгелердің жаңалығы