Жаңалықтар
-
-
Несие кезіндегі сақтандыру: не өзгерді және нені білу керек?
Қазақстанда соңғы жылдары банк өнімдерімен бірге ұсынылатын сақтандыру қызметтері қаржы нарығындағы ең талқыланатын тақырыптардың біріне айналды. Несие рәсімдеген кезде қосылатын полис, клиенттің келісімінсіз берілетін қызметтер және олардың құқығы төңірегінде қоғамда көптеген сұрақ туындап келеді. BAQ.KZ тілшісі осы саладағы басты өзгерістер мен талаптарды талдап көрді.
09.12.2025
-
Трамп Мексиканы су жөніндегі келісімді бұзды деп айыптап, жаңа баж енгізетінін мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Мексика су жеткізу туралы екіжақты келісімді орындамай отыр деп айыптап, көрші мемлекетке 5% баж салығын енгізуге дайын екенін жариялады. Бұл туралы ол өзінің Truth Social платформасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
09.12.2025
-
Қазақстан мен Бразилия Астанада саяси консультация өткізді
Астанада Қазақстан мен Бразилия арасындағы жетінші раундтағы саяси консультациялар өтті. Қазақстан тарапынан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев, Бразилиядан Сыртқы істер министрінің орынбасары Сюзан Клибанк қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.12.2025
-
Луврдағы еңбек жағдайына наразылық: 15 желтоқсанда ереуіл басталады
Париждегі Лувр мұражайында қызметкерлердің еңбек жағдайына байланысты ереуіл жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
09.12.2025
-
Судандағы шабуылдан 114 адам қаза тапты – ДДСҰ басшысы
ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Суданның Солтүстік Кордофан аймағындағы Калоги қаласында бейбіт тұрғындарға жасалған шабуылды «мағынасыз» деп сипаттады. Шабуылда кемінде 114 адам қаза тапты, олардың 63-і балалар болған, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
09.12.2025
-
Газадағы бейбітшілік жоспарының екінші кезеңі аяқталуға жақын – Нетаньяху
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху АҚШ ұсынған Газа секторындағы бейбітшілік жоспарының екінші кезеңі аяқталуға жақын екенін айтты, бірақ негізгі даулы мәселелер әлі шешілмеген, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
09.12.2025
-
Еуропа басшылары Зеленскиймен бейбітшілік жоспарын талқылады
Франция, Ұлыбритания және Германия басшылары Лондонда Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесу кезінде Украинадағы бейбітшілік пен қауіпсіздік кепілдіктеріне қолдау білдірді. Кездесу АҚШ делдалдығымен өтіп, аралық келісімдер мен кейінгі қадамдар талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
09.12.2025
-
Жапонияның солтүстік-шығысында 7,2 балдық қуатты жер сілкінісі болды
Жапонияның солтүстік-шығысында дүйсенбі күні кешке қуатты 7,2 балдық жер сілкінісі тіркеліп, билік Хоккайдо, Аомори және Ивате префектураларына цунами туралы ескерту жариялады. Жапон метеорологиялық агенттігі 3 метрге дейін жетуі мүмкін цунами қаупі бар екенін хабарлап, шамамен 90 мың адамға эвакуацияға шығу туралы нұсқау берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
09.12.2025
-
Біз бұны халыққа дұрыс түсіндіруіміз керек – Берік Уәли
Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданының тұрғындарымен кездесуде Қытайдан келген инвесторлар мен жұмысшыларға қатысты маңызды пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ ABAI AQPARAT Telegram-арнасына сілтеме жасап.
09.12.2025
-
Қар, боран: Астана мен 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК ертең, 9 желтоқсанда Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтілетінін мәлімдеді. Дауылды ескерту Астанаға және еліміздің 16 облысында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.12.2025
-
Әйгілі боксшы Рой Джонс Қазақстанға келді
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әуесқой бокстан Сеул Олимпиадасының күміс жүлдегері, кәсіпқой бокстан абсолютті әлем чемпионы, даңқты спортшы кіші Рой Джонспен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08.12.2025
-
Аязды күндер басталды: құтқарушылар астаналықтарға маңызды ескерту жасады
Астанада аязды күндер басталып, синоптиктердің болжамынша алдағы күндері ауа температурасы -25–26 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Осыған байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға арнайы үндеу жасап, жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажет екенін еске салды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
08.12.2025
-
Ақтауда өрт кезінде 8 жасар бала қайтыс болды
Ақтауда болған өрт салдарынан кәмелетке толмаған бала қаза тапты. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
08.12.2025
-
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ақмола және Қарағанды облыстары аумағындағы бірқатар жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.12.2025
-
Қабырғасы сынып, бүйрегі алынған: Науқасты аяусыз соққыға жыққан санитарға үкім шықты
Қостанайда айықтыру орталығында науқасты қатыгездікпен соққыға жыққан санитарға сот үкімі шығып, 4 жылға сотталды. Жәбірленушінің қабырғалары сынған, бүйрегі алынған. Оқиға шілде айының соңында Детоксикация орталығында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.12.2025
-
Зейнетақы қаражатын алудың тағы бір түрі: бір айда рекорд жаңарды
Қазақстанда біржолғы зейнетақы төлемдерін ем алу мақсатында шешіп алу бағытында жаңа аномалды өсім тіркелді. 2025 жылдың қарашасында пластикалық және реконструктивтік операцияларға төлем жасау үшін 2 277 өтініш орындалған. Бұл көрсеткіш қазан айымен салыстырғанда 33 есеге, ал бөлінген қаражат көлемі 39 есеге артты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.12.2025
-
Ақтөбеде оқушыны қаққан жүргізушіні әйел ұрып тастады
Ақтөбеде жаяу жүргіншілер өткелінде оқушы қызды көлік қағып кетті. Жанындағы әйел жүргізушіні қолындағы сөмкеге ұқсас затпен бірнеше рет ұрған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.12.2025
-
Қазақстандық жас триатлоншылар Азия чемпионатында алтын мен күміс жеңіп алды
5-6 желтоқсан күндері Сауд Арабиясының Джидда қаласында U17 және U15 жас санаттары бойынша триатлоннан Азия чемпионаты өтті. Құрлықтық жарысқа 21 елден 114 спортшы қатысып, бәсекелестік жоғары болды. Еліміздің жас триатлоншылары аталған сайыстан алтын мен күміс жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.12.2025
-
Қазақстан мен Ресей депутаттары солтүстік және шығыс өңірлерді газдандыру шарттарын талқылады
Мәскеуде Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Ресей Мемлекеттік Думасы арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі палатааралық комиссияның XII отырысы өтті. Іс-шараға Мәжіліс вице-спикері Альберт Рау мен Мемлекеттік Дума төрағасының орынбасары Александр Жуков төрағалық етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.12.2025
-
Қазақстан "Болашақ" бағдарламасымен атом энергетикасы мамандарын көбейтеді
Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде төртжақты меморандумға қол қойылды. Тараптар атом электр станциясын салу және оны одан әрі пайдалану үшін кадрлық қамтамасыз етудің стратегиялық маңызын ескере отырып, «Болашақ» халықаралық стипендиясы бағдарламасына атом энергетикасы саласы бойынша мамандар даярлаудың жеке бағыттарын енгізу туралы келісімге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.12.2025
Наверх