Жаңалықтар
-
-
БҚО-да 17 инвестициялық жоба іске қосылады
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұловпен кездесті. Тараптар шетелдік инвесторларды қолдау және тарту мәселелерін жан-жақты талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.01.2026
-
Автобустағы ескерту өліммен аяқталды: Теміртауда сот үкімі шықты
Қарағандыда алқабилер соты қалааралық "Қарағанды – Теміртау" автобусында болған жанжалдан кейін жасалған кісі өлтіру ісі бойынша резонансты үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.
10.01.2026
-
Венесуэла саяси тұтқындарды босата бастады
Венесуэла үкіметі құқық қорғау ұйымдары саяси тұтқын деп санайтын азаматтарды түрмеден босата бастады. Билік бұл қадамға "ізгі ниет белгісі" деген атау берген, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап.
10.01.2026
-
Қазақстан парламентіне 30 жыл: Қалыптасудан кәсіби заң шығаруға дейін
Қазақстан Республикасының Парламенті – тәуелсіз елдің саяси жүйесіндегі басты институттардың бірі. Ол мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырып қана қоймай, ел дамуының стратегиялық бағыттарын айқындауға тікелей ықпал етіп келеді. Биыл Қазақстан Парламентінің құрылғанына 30 жыл толуы – заң шығарушы биліктің жүріп өткен жолына тарихи тұрғыдан баға беруге мүмкіндік береді. Толығырақ BAQ.KZ шолуынан оқи аласыз.
10.01.2026
-
Алматының орталығында аяқталмаған құрылыс нысаны бұзылды
Алматының орталық бөлігінде аяқталмаған құрылыс нысаны бұзылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.01.2026
-
10 қаңтарға арналған валюта бағамы
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльдің сатып алу мен сату бойынша орташа өлшенген бағамдары жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.01.2026
-
Алматыда көлік ғылымдары мен технологияларының алғашқы институты құрылады
Алматыда М.Тынышпаев атындағы ALT Университетінде ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы аясында Қазақстандағы алғашқы Көлік ғылымдары мен технологиялары институтын (ITST) құру туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.01.2026
-
Бүгін еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 10 қаңтарға арналған ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.01.2026
-
Қазақстанда медициналық ұйымдардың 60%-дан астамы ұлттық аккредиттеумен қамтылады
Қазақстанда медициналық ұйымдардың ұлттық аккредиттеуден өтуге қызығушылығы артып келеді. Қазіргі таңда 752 медициналық ұйым аккредиттелген, бұл жалпы ұйымдардың 57,9%-ын құрайды. 2024 жылы бұл көрсеткіш 557, ал 2023 жылы 447 болған, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
10.01.2026
-
Трамп тоқтатылған әр соғыс үшін Нобель сыйлығына лайық екенін мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп сегіз әскери қақтығысты тоқтатқаны үшін Нобель бейбітшілік сыйлығын алуға әбден лайық екенін айтты. Бұл туралы ол Ақ үйде ірі мұнай өндіруші компаниялардың басшыларымен өткен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
10.01.2026
-
ЕО елдері 25 жылдан кейін Оңтүстік Америкамен сауда келісімін мақұлдады
Еуропалық Одақ елдері 25 жылдан астам уақытқа созылған келіссөздерден кейін Оңтүстік Американың МЕРКОСУР тобымен ең ірі еркін сауда келісімін жасауға келісім берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
10.01.2026
-
Қазақстан энергетикасына шетелдік инвестиция тарту жолдары қаралды
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновтің кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.01.2026
-
АҚШ пен Украина 800 млрд долларлық келісімге қол қояды
АҚШ пен Украина билігі соғыстан кейінгі қалпына келтіру және қауіпсіздік кепілдіктеріне қатысты шамамен 800 млрд доллар көлеміндегі екіжақты келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы британдық The Telegraph газеті жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.01.2026
-
Үндістан АҚШ-пен сауда келісімі тоқтады деген мәлімдемені жоққа шығарды
Үндістан АҚШ-тың сауда министрі Ховард Лютниктің премьер-министр Нарендра Модидің президент Дональд Трампқа қоңырау шалмауына байланысты екі ел арасындағы сауда келісімі тоқтап қалды деген мәлімдемесін жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
10.01.2026
-
Түркия: Украинада бейбіт келісімге қол жеткізуге жақын қалдық
Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Украинадағы қақтығыс мәселесін реттеу жөніндегі келіссөздердің қазіргі кезеңін бейбіт келісімге қол жеткізуге бұрынғыдан да жақын деп бағалады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
10.01.2026
-
Колумбия президенті АҚШ-тың әрекеттерін "ақымақ саясат" деп бағалады
Колумбия президенті Густаво Петро CBS News-ке берген сұхбатында АҚШ-тың Венесуэлаға қатысты әрекеттерін сынға алып, өз елінде АҚШ-қа қарсы тұратындай әуе қорғаныс жүйесі де жоқ екенін мойындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.01.2026
-
АҚШ Кариб теңізінде бесінші мұнай танкерін ұстады
АҚШ Кариб теңізінде Olina танкерін тұтқындады. Бұл соңғы апталарда қолға түскен бесінші кеме болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
10.01.2026
-
Ирандағы наразылықтар: кемінде 48 демонстрант қаза тапты
Иранда елді шарпыған жаппай наразылықтар барысында қауіпсіздік органдары риториканы қатаңдатып, демонстранттарға қарсы «шешуші және қажетті заңды шаралар» қолданылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
10.01.2026
-
Тұрғын үйден шыққан өрт: ШҚО-да 13 тұрғын эвакуацияланды
Шығыс Қазақстан облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері тұрғын үйде шыққан өрт кезінде үш адамды құтқарып, 13 тұрғынды қауіпсіз жерге эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.01.2026
-
Қазақстанда «Щелкунчик» балетін 40 мыңнан аса адам тамашалады
Қазақстанның үш жетекші театрында қойылған Петр Чайковскийдің «Щелкунчик» балеті қысқы маусымда 40 мыңнан астам көрермен жинады. Жаңа жыл қарсаңында классикалық туынды 47 рет сахналанып, көрермен ықыласына бөленді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.01.2026
Наверх