Елімізде жүргізуші куәлігін алу жеңілдеді

19 Тамыз 2019, 14:37
4205
Бөлісу:
Елімізде жүргізуші куәлігін алу жеңілдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүргізуші куәлігін алатын көлік иелері үшін медициналық тексерістен өту реті жеңілдеді. 

«Азаматтарға арналған үкімет» көлік жүргізуге рұқсат беретін құжатты алу үшін талап етілетін 083 үлгісіндегі медициналық анықтамаға өзгерістер енгенін хабарлайды.

«Бұдан былай жүргізуші куәлігін рәсімдеу барысындағы медициналық комиссия құрамы 7 дәрігерден 4-ке дейін қысқарды. Енді терапевт, окулист, оториноларинголог, психиатр-нарколог дәрігерлерінің тексерісінен өту жеткілікті. Сондай-ақ қан, дәрет талдамасы, флюрография, психоактивті заттарды қабылдау бойынша зертханалық анализдерді тапсыру қажет емес», - делінген хабарламада.

Медициналық тексеріс барысында терапевт дәрігер қандайда аурулардың бар/жоғын «Диспансерлі науқастардың электронды тізілімі» ақпараттық жүйесі, ал психиатриялық немесе наркологиялық диспансерлердің есебінде тұрмауы жөнідегі ақпаратты мәліметтер базасы арқылы, сондай-ақ диспансерлердің анықтамасы негізінде тексере алады.

Айта кетейік, бүгінде жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық анықтама үш жағдайда талап етіледі:

-         Жүргізуші куәлігін бірінші рет рәсімдеу барысында;

-         Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткенде;

-         Жүргізуші куәлігінен айырылғандар құжатты қайта рәсімдегенде.

Жыл басынан бері 337 мың қазақстандық жүргізуші куәлігін алды.

Өзгелердің жаңалығы