Бас жаңалықтар
Маңғыстау облысындағы жолдардың сапасы жіті бақылауда
12 Ақпан 2020, 13:01 335

Маңғыстау облысындағы жолдардың сапасы жіті бақылауда

Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Қолданыстағы көлік жолдарының қазіргі жағдайы, кем-кетігін түзету шараларын "Ұлттық жол активтері сапасы" орталығы республикалық мемлекеттік кәсіпорны өңірлік филиалы қызметкерлері ұдайы назарда ұстап келеді.

Мәселен, "Ақ жол құрылыс" атты серіктестік "Жетібай - Жаңаөзен - Кендірлі -Түркіменстан Республикасының шекарасы" автомобиль жолының 0-35 шақырым аралығының қайта жаңартуға жауапты. Жұмыстар мен материалдар сапасын бақылау мақсатында әлгі нысанда 67 рет тексеру жұмыстары жүзеге асты.

Қолданылған жол-құрылыс материалдарынан 269 сынама алынып, зертханалық жағдайда жарамдылығы тексерілді. Нәтижесінде, іріктелініп алынған жол-құрылыс материалдардың ішінде 10 сынаманың нормативті-құжаттар талабына сәйкес еместігі анықталған.

WhatsApp Image 2020-02-06 at 14.17.30.jpeg  WhatsApp Image 2020-02-06 at 14.17.28.jpeg

Жұмыс сапасын тексеру барысында анықталған кейбір кемшіліктерге тоқталып өтсек: жер төсемесін бекіту жұмыстарына бір текті емес материал қолданылған.

Екіншіден, негіз қабатына қолданылып жатқан қоспа алдын ала су құйылмастан салынып, тапталып тегістеліп кеткен. Әдетте жолға көлікпен тасылып жеткізілген материал үстіне іргеден өтіп жатқан автомобиль дөңгелегінен ұшқан шаң мен балшық түсері сөзсіз. Бұл, өз кезегінде асфальтбетон жабындының сапасына кері әсерін тигізеді дейді мамандар.

Бұдан басқа автожолдың қыс мезгіліндегі күтіміне қолданылған көктайғаққа қарсы материалдардың уақытында жиналып алынбағаны анықталды. Осы аталған олқылықтарды жою үшін мердігер мекеме мен тапсырыс берушіге 51 хат жолданды. Бұл жағдайда мердігер мекеме "ҚазАвтожол" ҰК" АҚ Маңғыстау облыстық филиалы болып табылады.

"Жетібай - Жаңаөзен - Кендірлі - Түркіменстан Республикасының шекарасы" автомобиль жолының 35-73 шақырым аралығының қайта жаңарту жұмыстарын "Дженгиз Иншаат" АҚ АФ жүргізді. Аталған нысанда жұмыстар мен материалдардың сапасын бақылау мақсатында 59 рет тексеру жұмыстарын жүзеге асырылды. Іріктелініп алынған 230 ЖҚМ сынамасының тоғызы нормативті-құжаттар талаптарына сәйкес еместігі анықталды. Осы тұрғыдан мердігер мекеме мен тапсырыс беруші "ҚазАвтожол" ҰК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалына 35 қызметтік хат жолданды, - дейді "Ұлттық жол активтері сапасы" орталығы РМК өңірлік филиалы басшысының міндетін атқарушы Гүлжамал Тәжібаева.

Ал "Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасының шекарасы" автомобиль жолының 0-63 шақырымын қайта жаңартуды "Теміржол жөндеу" серіктестігінің мердігер мекемесі жүргізген. Ол жерде 50 рет тексеру жұмыстары жүзеге асып,
462 сынама алынды. 82 сынаманың нормативті-құжат талаптарына сәйкес емес болып шыққан.

Осы бағыттағы көлік жолының 63-85 шақырымын қайта жаңартудан өткізген "Теміржол жөндеу" серіктестігінің мердігер мекемесі. Мамандар ол жерде 44 рет тексеру жұмыстарын жүргізіп, 229 сынамаларды іріктеп алды. Оның 130-ы талапқа сай болмаған соң жол құрылысына жауапты мекемелер мен мердігерге 57 хат жолданды. 

Жалпы 2019 жылы Маңғыстау облысының республикалық маңыздағы жолдарына 220 рет байқау жұмыстары жасалды


"Ақтау-Құрық" жолының 13-72 шақырымынан алынған 4 сынаманың барлығы да талапқа сай. Десек те, тұрмыстық қалдықтарды жинамағаны және кейбір жолақтардың тазаланбаған жерлерге қойылғаны үшін мердігерге мекемеге 7 қызметтік хат түрінде ескерту жасалды.

Ал "Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түркіменстан Республикасының шекарасы" бағытындағы көлік жолының 145-319 шақырымына 34 рет байқау шаралары жүргізілген. Алынған алты сынамалардан кемшілік табылмаған.

"Құрық - Жетібай" бағытындағы жолдың 0-64 шақырымында 17 сынама алынып, оның үшеуінің талапқа сай еместігі белгілі болды. Осы ретте айта кету керек, жолдың шұңқырын бітеп, тегістер кезінде "Казахавтодор" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің қызметкерлері техника қауіпсіздігі ерекжелерін сақтай бермейді. Бұл тұрғыдан оларға және мердігерге анықталған кемшіліктерді тез арада түзету үшін 15 хат жолданды, - дейді "Ұлттық жол активтері сапасы"
орталығы РМК өңірлік филиалы жол инженері Бекмұрат Байдуллаев.
WhatsApp Image 2020-02-06 at 14.52.48.jpeg  WhatsApp Image 2020-02-06 at 14.52.49.jpeg

Оның айтуынша, "Доссор-Құлсары-Бейнеу-СайӨтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" бағытындағы көлік жолынан да бірқатар кемшіліктер анықталған. Бұл трассаның 210-802 шақырымынан алынған 11 сынаманың бірінен кемшілік табылып отыр. Сондай-ақ жол белгілерін дұрыс қоймау, асфальт жабынды жиегінің балшық және шөптерден тазаланбауы, күл-қоқыстың аршылмауы секілді олқылықтарды түзеу үшін жауапты тұлғаларға 16 рет хат жолданды. Республикалық маңыздағы осы жолдың жөндеу жасалған учаскелеріне 7 рет байқау жүргізілді. Шетпе және Жетібай елді мекені арасындағы жол жиегінің ылғалмен шайылып кеткені мердігерге ескертілді.


Енді жергілікті маңыздағы көлік жолдарында анықталған олқылықтарға келсек, "Жыңғылды-Шайыр-Шерқала" жолының 0-29,4 шақырымына 23 рет байқау жүргізілген. Алынған 84 сынаманың жартысы талапқа сай емес болып шыққан. Осы себепті "Алтын құрық" мекемесіне және оған тапсырыс беруші облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 18 рет қызметтік хат жіберілді.

"Ата жолының" 0-51 және 51-97 шақырымына 25 рет байқау шаралары жүрді. Алынған 75 сынаманың 14-і талапқа сай емес. Мұнан өзге кемшіліктерді тез арада түзету үшін мердігер мен жергілікті мемлекеттік мекемеге 18 рет хат жазылды.

"Маэк" су каналы мен "Құрық" теңіз портына аралығындағы жалпы ұзындығы 15,6 шақырымдық жолдан 39 сынамалар алынды. Оның сегізінен кемшіліктер анықталды. Сонымен қатар, "Ақтау - Қаламқас", "Таушық - Шетпе" және "Шетпе -
Қызан" бағытындағы жолдан алынған 20 сынаманың жартысы талапқа сай еместігі белгілі болып отыр. 

Құрылысы жалғасып жатқан жолдардың сапасы да ұдайы біздің бақылауымызда. Мәселен, Өмірзақ елді мекенінен Ақтаудың "жылы жағажайы" аралығында төселіп жатқан көлік жолынан 35 рет сынамалар алынды. Тек бірінен ғана кемшіліктер анықталды. Ал Жаңаөзен қаласын кешенді дамыту жоспары аясында жүзеге асып жатқан жолдардан 14 рет сынама алынды. Олардың ешқайсы да талапқа сай болмай шықты, - дейді Гүлжамал Тәжібаева.

Қазіргі уақытта орташа жөндеу жүріп жатқан "Ақтау - Форт-Шевчено - Қаламқас кенорны" жолының 88-154 шақырымынан алынған 21 сынаманың бірі талапқа сай емес. "Шетпе-Үштаған" мен "Форт-Шевченко - Таушық" бағытындағы трассалар құрылысына қолданылған материалдарынан 24 рет сынамалар алынды. Олардың құрамы талданып, нәтижесі жауапты тұлғаларға хабарланды.


Фото: автордан
Загрузка...