Халық бұл қозғалысқа іштей дайын – білім министрі волонтерлық туралы

12 Ақпан 2020, 12:44
1607
Бөлісу:
Халық бұл қозғалысқа іштей дайын – білім министрі волонтерлық туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің әр түкпіріндегі ауылдарда ағылшын тілін ерікті түрде үйретіп жастар көп. Сондықтан волонтерлық туралы айтудың маңызы зор.

Мұндай пікірді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білдірді.

Президент волонтерлық біздің қанымызда жатқанын айтты. Сондықтан да бұл істі дамытуымыз керек. Халық бұл қозғалысқа іштей дайын. Волонтерлық туралы айту өте маңызды. Себебі, біз мектептерде шаралар өткіземіз. Қоғамға өз үлгің арқылы серпін беруің керек. Көптеген жас ауылдарға барып, ағылшын тілін үйретіп жүр. Осы сынды игі істер туралы жиі айтып тұру керек. Көп танымал адам ауылдық елді мекендерге барып, өзінің тәжірибесі мен көзқарасымен бөліседі. Оған қоса, еріктілікпен біздің ата-әжелеріміз де айналысады. Себебі, олар мектептерге барып, өздерінің өмір жолдары туралы айтып, дәріс оқиды. Осының барлығы волонтерлыққа жатады. Қазір балалар үйінде тәлімгерлікті дамытып жатырмыз. Бұл да игі істердің бірі болып табылады, - деді Асхат Аймағамбетов "Біргеміз" фронт-офисінің ашылуынан кейін журналистерге.

Министр президенттің білім саласында волонтерларды қолдау үшін берген тапсырмаларына тоқталып, бұл бағытта жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

Мемлекет басшысы студенттерге тиісті үстемақы беру, волонтерлықты барлық мектептер мен колледждерде, ЖОО-ларда дамыту қажеттігін айтты. Сондықтан да біз осы жұмысты жүргізетін боламыз. Біз қазірдің өзінде жұмыстан волонтерлыққа уақыт тауып жатырмыз. Көп жағдайда волонтерлықпен айналысқан кезде оны жұртшылыққа жая бермейді. Сондықтан да волонтерлық – жанның көңіл-күйі, - деді білім министрі.
Естеріңізге сала кетейік, Волонтер жылы аясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЭКСПО көрмесінің "Art Hub" павильонында орналасқан волонтерлердің "BIRGEMIZ" республикалық фронт-офисын ресми түрде іске қосатынын да жазған болатынбыз. Сондай-ақ, Тоқаев волонтер студенттердің пән кредиті жабылып, қосымша стипендия алатынын да атап өтті. Бұл жиында  Дәурен Абаев 17 аймақта аймақтық волонтерлық офис ашылатынын айтқан еді. Ол сонымен қатар, "Жаңа бастама" жобасына 170 млн теңге бөлінетінін де айтқа еді.
Өзгелердің жаңалығы