Мемлекет басшысы Жезқазған мыс балқыту зауытының жұмысымен танысты

23 Тамыз 2019, 19:50
1796
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Жезқазған мыс балқыту зауытының жұмысымен танысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті әлемде сұранысқа ие мол өнім түрлерін шығаратын өнеркәсіп орнының өндіріс цехтарының жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

з1.jpg

"Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2018 жылы желтоқсанда зауытта мыс өндірісін жылына 100 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік беретін екінші кенқыздыру пеші іске қосылғаны жөнінде айтылды", - делінген хабарламада.

з2.jpg

Президент зауыт жұмысшыларымен әңгімелесу барысында ел игілігі үшін сіңірген зор еңбектері үшін оларға ризашылық білдіріп, мемлекет тарапынан өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру шаралары жалғаса беретінін атап өтті.





Өзгелердің жаңалығы