Үндістанда үйлену тойы кезінде бір отбасы мүшелері тірідей жанып кетті

27 Сәуір 2024, 03:26
1212
Бөлісу:
Үндістанда үйлену тойы кезінде бір отбасы мүшелері тірідей жанып кетті
Фото: news9live.com

Үндістанда Бихар штаты Дарбханга қаласының маңындағы ауылда үйлену тойы кезінде өрт болып, бір отбасы түгелдей жанып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ News9live-қа сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай кешкі уақытта туыстары мен достары Чхаган Пасван есімді азаматтың үйлену салтанатында бас қосқан жиында орын алған.

Үйлену тойы басталған сәтте қонақтар отырған жерде отшашу атқан.

Соның салдарынан газ баллоны жарылып, өртті өршітіп жіберді деген болжам бар. Отшашу салдарынан өрт сол үйдің маңында орналасқан дизельдік отын қоймасына дейін жеткен.

Өрт сөндірушілердің жұмылдырған күшіне қарамастан алты адамды құтқарып қалу мүмкін болмады. Олардың барлығы бір отбасы мүшелері екендігі анықталды.

Өзгелердің жаңалығы