Үндістанда «Әл-Фараби үйі» ашылды

23 Тамыз 2019, 19:34
2415
Бөлісу:
Үндістанда «Әл-Фараби үйі» ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістан астанасында әл-Фараби атындағы қазақ-үнді ғылыми-білім және мәдени орталығы ашылды. Жоба әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және  Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, орталықтың ашылуы 2020 жылы ЮНЕСКО-ның қолдауымен кең көлемде аталып өтілетін әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналып отыр.

ә3.jpg

Әл-Фарабидің мұрасы ғылымның барлық дерлік салаларын қамтиды. Оның ғылымды жүйелеп жіктеуі әлемдік ғылыми ойдың одан ары дамуына өз әсерін тигізді. Оның еңбектері Еуропада XII-XIII ғғ. латын және иврит тілдеріне аударыла басталды, ал 1930-1932 жж. Париж қаласында «Музыка туралы үлкен кітабінің» бірінші бөлімінің француз тіліндегі аудармасы басылып шықты.

Әл-Фараби есімі әлемнің ғылым және мәдениет тарихына берік енді. Оның шығармашылық қызметі Еуропа мәдениетінің ренессансына үлкен әсерін тигізіп, еңбектері Батыс пен Шығысты байланыстыратын рухани көпірге айналды.

«Әл-Фараби үйі Қазақстанның тарихы мен мәдениетін тануды қалайтын жандарға ашылды. Орталықтың қызметі мәдениет диалогының дамуы және Қазақстан мен Үндістан арасындағы әріптестіктің одан әрі нығаюына септігін тигізеді», - деп атап өтті Елші Болат Сәрсенбаев.

ә2.jpg

Сондай-ақ, Орталық студенттерге Қазақстандағы білім беру жүйесі, студенттер арасындағы алмасу бағдарламалары туралы толық ақпарат беріп, Қазақстанда оқығысы келетіндерге қажетті кеңестер беретіндігі Орталық директоры доктор Мир Хусейн атап өтті.

«Әл-Фараби үйінің» ашылу салтанатына үкіметтің, бизнес және қоғамдық топтардың, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардың және үндістандық БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шараның құрметті қонағы Үндістанның Жастар ісі және спорт жөніндегі мемлекеттік министрі Кирен Риджиджу мырза болды.

ә4.jpg

Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы). Отырар қаласы IX-Х ғғ. тарихи қатынастар мен Ұлы Жібек жолының торабындағы аса ірі саяси, мәдениет және сауда орталығы болған.

Өзгелердің жаңалығы