Жемқорлыққа қарсы агенттік "Antikor.Live" жобасын іске қосты

7 Сәуір 2020, 19:17
3603
Бөлісу:
Жемқорлыққа қарсы агенттік "Antikor.Live" жобасын іске қосты

Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Antikor.Live" жобасын іске қосты. Енді аталған ведомство халық пен БАҚ өкілдерін өз қызметтері жайында on-line жүйеде таныстырады.

Жаңа жүйе туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департамент жетекшісінің бірінші орынбасары Нұрлан Жахин айтып берді.

Біз өз оқырмандарымызды жемқорлыққа қарсы жобалармен таныстырып отыруды көздейміз. Шыншылдықтың принциптері туралы айтамыз. Қоғамдағы жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған заңнамаларды түсіндіріп, пара алуға, беруге қатысты фактілерді хабарлағандарды қандай марапат күтіп тұрғанын түсіндіреміз, - дейді ол. 

Жаңа платформа арқылы түрлі мониторингтік топтар мен "Адалдық алаңы" жобалық кеңесесі де өз қызметі жайлы ақпаратты бұқараға жеткізіп тұрмақ.

Тікелей эфирге шығу кестесі құрылды. Тұрғындар мен журналистер өздерін қызықтырған сауалдарды алдын-ала жолдап, сұрақтарына толық жауап ала алады. Бұл бағытта біз мемлекеттік органдар, заңгерлермен тығыз қарым-қатынас орнатып, халыққа түрлі бағдарламаларды түсіндіріп, заңгерлік салада кеңес беру арқылы көмек көрсетпекпіз, - деді Нұрлан Жахин. 

Тікелей трансляция Агенттік департаменттерінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы жасалады. Facebook, Instagram, Youtube арналарын қамиды.

Өзгелердің жаңалығы