#Желмая. Университеттер білім беретін мекеме емес, бизнеске айналып кеткен бе?

4 Қазан 2021, 12:30
17599
Бөлісу:
#Желмая. Университеттер білім беретін мекеме емес, бизнеске айналып кеткен бе?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Білім саласында қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Министрлік тарапына неге ақпараттық шабуылдар күшейіп кетті? Қанша университеттің лицензиясы қайтарылып алынды? Университеттер білім беретін мекеме емес, бизнеске айналып кеткен бе? Неліктен университеттер студенттерді қаржы табу көзі ретінде ғана қарайды? Болашақ педагогтерді дайындайтын университеттерге қандай талап қойылады? ЖОО-ның артында ықпалды адамдар тұр ма? Жаңа министрлік келсе, атқарылған жұмыстар зая кетпей ме? Мектептерде жұмысқа тұру үшін заңсыз ақша жинайтыны рас па? Неге көңілге толмайтын білім бөлімі басшыларын орындарынан алып тастамайды? Мектеп, колледж директорларын кім тағайындайды? Неге білім бөлімдері министрлікке тәуелді емес? «Мұғалім мәртебесі туралы» заңды бұзғандарға қандай шара қолданылады? Болашақта елдегі білім бөлімдері тікелей министрлікке бағынатындай жүйе енгізіле ме? Қазақ тілі мен орыс тілінде оқитын балалардың біліміндегі айырмашылық қалай шешіледі? Қай өңірде білім саласында ақаулар бар? Балалардың кітап оқуға қызығушылығын қалай ояту керек? Асхат Аймағамбетов қандай оқушы болды? Министрге қандай пәндер ұнады? Бүгінгі балалар кімге қарап бой түзеуі керек? Бұл сұрақтарға БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетов жауап берді.


«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.

Бұған дейін «Желмая» жобасында Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев қонақта болды.

Өзгелердің жаңалығы