#Желмая. Төтенше жағдай ауыл шаруашылығы саласына қалай әсер етті?

23 Сәуір 2020, 12:24
5005
Бөлісу:
#Желмая. Төтенше жағдай ауыл шаруашылығы саласына қалай әсер етті?
Фото: BAQ.KZ

Төтенше жағдай ауыл шаруашылығы саласына қалай әсер етті? Өнімдерін экспортқа шығарумен айналысатын шаруа қожалықтарының жағдайы қалай? Ауыл шаруашылығы саласының құрылымын түбегейлі өзгертуге не кедергі? Бұл саладағы жүйенің қисықтығына не себеп? Ауыл шаруашылығы саласына жас мамандар неге аз келеді?

"Коронавирус пандемиясы қоғамның көзқарасын өзгертуі мүмкін. Халық бізге ең алдымен, дәрігер, мұғалім және ауыл шаруашылығын өндіретін маман керегін түсінген болар", деп пайымдайтын "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбеков бүгін "Желмаяның" қонағы болып, ауыл шаруашылығы саласына қатысты бірқатар сұраққа жауап берді.


"Желмая" жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Жобамыздың бұған дейінгі қонағы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы болды.

Өзгелердің жаңалығы