#Желмая. Шетелден келетін жолаушыларға қандай санитарлық талаптар қойылған?

31 Қазан 2020, 12:01
2333
Бөлісу:
#Желмая. Шетелден келетін жолаушыларға қандай санитарлық талаптар қойылған?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әуежайдағы карантиндік бақылау қалай жүзеге асырылады? Шетелден ұшып келген азаматтардың қаншасы оқшауланып, қаншасынан коронавирус анықталды? Ұшақта науқастанғандар болса қандай әрекет жасалады? ПТР анықтамасы жоқ жолаушыларға тестілеуді елде өткізу мүмкіндігі қарастырылған ба? Осы және өзге де сауалдарға Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің көліктегі санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті пункттерінің басшысы Дария Әзімбаева жауап береді.


«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай? 

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

«Желмая» жобасының осыған дейінгі шығарылымының қонағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабек болған еді.


Өзгелердің жаңалығы