Бас жаңалықтар
#Желмая. Осындай қысыл-таяң кезде Қазақстанның сыртқы қарызы бір бүйірден соқса қалай болады?
VIDEO
16 Сәуiр 2020, 14:39 736

#Желмая. Осындай қысыл-таяң кезде Қазақстанның сыртқы қарызы бір бүйірден соқса қалай болады?

Жобамыздың бүгінгі қонағы – экономист, экономика ғылымдарының докторы, Қазақ технология және бизнес университетінің оқытушысы Сапарбай Жұбаев.

Төтенше жағдай еліміздің экономикасына қалай әсер етіп жатыр? Карантин уақыты созылса, экономикалық жағдай қандай болмақ? Осындай қысыл-таяң кезде Қазақстанның сыртқы қарызы бір бүйірден соқса қалай болады? Банктен несие алып, шағын кәсіп ашып, күн көріп жатқан азаматтардың тағдыры не болмақ? Экономистің 42 500 теңгелік жәрдемақы аясындағы дауға қатысты пікірі қандай? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын экономист Сапарбай Жұбаев жоба барысында талқылап берді.


"Желмая" жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай? 

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

"Желмая" жобасының бұған дейінгі қонағы ҚР ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділда Ораз болды.


Фото: BAQ.KZ
Загрузка...