Алматы облысында жаңадан тіркелген 4 науқастың бірі жүкті әйел

16 Сәуір 2020, 14:26
1292
Бөлісу:
Алматы облысында жаңадан тіркелген 4 науқастың бірі жүкті әйел

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы облысында коронавирус диагнозымен 4 адам тіркелді. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Бүгін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында - 3, Кербұлақ ауданында 1986 жылы туған, жүктіліктің 23-24 аптасындағы 1 әйелдің коронавирус жұқтырғаны анықталды. Қазір барлық науқастар Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Олардың байланыста болған адамдары анықталуда, - делінген хабарламада. 

Жалпы 16 сәуір күнгі жағдай бойынша Алматы облысында індетпен ауырғандар саны 29 адамға жетті. Оның 7-еуі жазылып шықты.
Өзгелердің жаңалығы