#Желмая. Тайжанның тартысы. Пияздан пандемияға дейін

13 Мамыр 2020, 12:33
3253
Бөлісу:
#Желмая. Тайжанның тартысы. Пияздан пандемияға дейін
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Жобамыздың бүгінгі қонағы саясаткер, экономика ғылымдарының докторы – Мұхтар Тайжан.

Елімізде коронавируспен күреске бөлінген қомақты қаржы – 6 трлн теңге (14 млрд доллар) 2 ай ішінде қайда кетті? Бұл қаржы қалай жұмсалып жатқанын бізге кімдер нақты түсіндіріп беруге міндетті? Мұхтар Тайжан табысты қайдан табады? Оның қандай кәсіптері бар? Жер туралы заң қабылдау барысында саясаткердің атқарған қызметі қаншалықты тиімді болды? Сол заңды қабылдауға билік өкілдерінің ішінде кім қарсылық танытты? Мұхтар Тайжан мен кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев арасындағы келіспеушіліктің себебі неде? Баланы ақшамен тәрбиелеуге бола ма?


"Желмая" жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

"Желмаяның" бұған дейінгі қонағы коуч-тренер Құралай Ошақбаева (Құралай ханым) болды.

Өзгелердің жаңалығы