#Желмая. Мемлекеттік қызметшілердің барлығы бірдей жемқор емес

20 Тамыз 2020, 12:35
4203
Бөлісу:
#Желмая. Мемлекеттік қызметшілердің барлығы бірдей жемқор емес
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Желмаяның" бүгінгі қонағы – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев.

Пандемия мемлекеттің басқару жүйесін қалай өзгертіп жатыр? Мемлекеттік қызметкерлер қысқарып жатыр ма? Мемлекеттік қызметке қалай келуге болады? Президенттік жастар кадрлық резервінің тағдыры не болып жатыр? Үздік әкім қандай болуы керек? Мемлекеттік қызметкерлердің орташа айлығы қанша? Осы және өзге де сұрақтарға жоба барысында Дархан Жазықбаев жауап берді.


"Желмая" жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай? 

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

"Желмаяның" бұған дейінгі қонағы "Kazakh Tourism" ҰК АҚ Іс-шаралар маркетингі департаментінің директоры Даниел Сержанұлы болды.

Өзгелердің жаңалығы