#Желмая. Қазақстан киносы қалай дамып жатыр?

3 Желтоқсан 2020, 13:08
3778
Бөлісу:
#Желмая. Қазақстан киносы қалай дамып жатыр?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының бүгінгі шығарылымының қонағы – ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов қонақта болып, бірқатар маңызды сұраққа жауап берді.

Кино саласына мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсетіліп жатыр? Елімізде анимация саласы қандай деңгейде? Анимациялық фильмдер жасайтын қанша киностудия бар? Мультфильмдерді шығаруға қандай талаптар қойылады? Қазақстан киносы дамып жатыр ма? Пандемия мәдениет саласына қалай әсер етті? Өнер адамдары карантинде халықтың рухын қалай көтерді? Еліміздегі дәстүрлі әншілердің жағдайы қалай? Олардың жалақылары қанша теңге?


«Желмая» жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада мультимедиалық жоба. 

Жобаның бұған дейінгі қонағы «Astana Musical» мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазин театр туралы ақпаратпен бөліскен болатын. 

Өзгелердің жаңалығы