#Желмая. Кәсіпкерлер анимациялық фильмге ақша құюға неге құлықсыз?

30 Қараша 2020, 12:45
3090
Бөлісу:
#Желмая. Кәсіпкерлер анимациялық фильмге ақша құюға неге құлықсыз?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Astana Musical» мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазин бүгін «Желмая» жобасында қонақта болып, бірқатар сұраққа жауап берді.

Халықтың театрға бару мәдениеті қай деңгейде? Мюзикл жанрын қазақстандық көрермен қалай қабылдайды? Елдегі актерлердің жағдайы қалай, оларға қандай мүмкіндіктер жасалуда? Театрлардағы маркетингтік бағыт жолға қойылған ба? Пандемия театр өміріне қалай әсер етті? Мемлекет жас аудиторияға қаншалықты көңіл бөлуде? «Astana Musical» театрының жас актерлерге қояр талабы қандай? Қазақстанда театр режиссерлері жеткілікті ме?


«Желмая» жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада мультимедиалық жоба. 

Жобаның бұған дейінгі қонағы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнес тренері, заңгер Дастан Даулетияров болған.

Өзгелердің жаңалығы