#Желмая. Қазақ спортының бүгінгі әлеуеті көңіл көншіте ме?

28 Шілде 2021, 12:30
8600
Бөлісу:
#Желмая. Қазақ спортының бүгінгі әлеуеті көңіл көншіте ме?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Жамбыл облысы, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы – «Қазақстан барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, спортшы Бейбіт Ыстыбаев.

Спортшыны қандай мәселелер алаңдатады? Балаларды спортқа баулуда проблема неде? Депутаттық мәнсапты не үшін таңдады? Елдегі қуаңшылыққа қатысты спортшы не айтты? Қазақ күресіндегі әділдік туралы спортшының ойы қандай? Спортшылардың депутат болуы туралы ойы қандай? Пандемия кезінде нені түсінді? Трайбализмге көзқарасы қандай? Жастарды спортқа баулудағы ұстанымы қандай? Спортшы жастарды қай жылға дейін Олимпиадаға дайындаймын деп айтты? Спорт мекемесіндегі басшылық қызметінен неге кетті? Осы және өзге де сұрақтарға жоба қонағы жауап береді.


«Желмая» жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.

Бұған дейін жобамыздың қонағы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек Ұлы Жібек жолы бойындағы көне Тараздың бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы айтқан еді.
Өзгелердің жаңалығы