Жастар жылы. Төмен пайызбен үй алуға мүмкіндік болады

29 Қаңтар 2019, 08:57
10246
Бөлісу:
Жастар жылы. Төмен пайызбен үй алуға мүмкіндік болады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ Ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің сарапшысы Жұмағұл Жиембет Елбасының Жастар жылының ашылуында айтылған отбасылық қолдау бағдарламаларының ерекше рөлін атап өтті.

"Қазақстандық жастар - қоғамның әлеуметтік-демографиялық құрылымындағы ең ірі әлеуметтік топтардың бірі. Жас ұрпақтың құндылығы - оның өкілдерінің мақсатқа талпынушылық, ақпараттың үлкен мөлшерін қабылдау және сыни ойлау қабілеті сияқты қасиеттерге ие болуы. Елді түрлендіру үрдісіне жастардың қызығушылығы тікелей өмір сүру деңгейі мен сапасына, әлеуметтік лифтілердің қалай жұмыс істейтініне, елде қандай жағдайлар жасалуына, жас қазақстандықтардың болашаққа нық қадаммен басып, тәуелсіз болуына байланысты.

Мен Елбасының Жастар жылының ашылуында айтылған отбасылық қолдау бағдарламаларының ерекше рөлін атап өткім келеді. «7-20-25» бағдарламасының арқасында көптеген жас буын төмен пайызбен тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік алады, бұл жас отбасыларға өздерінің шаңырақтарын құрұға көмегін тигізеді. Ал жұмыспен қамту бағдарламасы бұл мақсатқа жетуге жағдай жасайды", - деді сарапшы.

   Ержан Жаубай

Өзгелердің жаңалығы