Жапонияда соңғы он жылда болмаған нөсер жауды

4 Шілде 2020, 15:04
2152
Бөлісу:
Жапонияда соңғы он жылда болмаған нөсер жауды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін таңертең Жапонияның оңтүстік аймағындағы нөсер жауын салдарынан Кумамото және Кагосима префектураларында су тасқыны болды, деп хабарлайды NHK.

Хабарламада айтылғандай, Кумамото префектурасы бөлігінде бір сағат ішінде 100 мм-ден астам жаңбыр жауды. Метеорологтардың айтуынша, бұл - соңғы онжылдықта болған ең қуатты нөсер. Кума өзені оңтүстігіндегі Кумамото жағалауынан шығып, көпірді шайып кеткен.

Апаттық қызметтер халықтан құтқару туралы өтінішпен 100-ден астам қоңырау түскенін айтады. Сондай-ақ, су ағыны бірнеше үйді бұзып, соның салдарына апат аймағындағы адамдармен байланыс жоғалды.

Жапон билігі Кагосима, Кирисима және Айра қалаларынан 800 мың адамды эвакуациялауға бұйрық берді. Су тасқынынан көбіне төмен аудандарда орналасқан елді мекендер зардап шегуде.

Өзгелердің жаңалығы