Жаңа Қазақстанда ескіше жұмыс істеу мүмкін емес – Айдос Сарым

11 Қаңтар 2022, 14:34
2890
Бөлісу:
Жаңа Қазақстанда ескіше жұмыс істеу мүмкін емес – Айдос Сарым

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Президенттің министрлер, депутаттар мен әкімдердің жалақысын көтеруге бес жылға мораторий жариялауына қатысты пікірін қолдайтынын айтты.

Соңғы кезде елімізде жалақы өскен кезде депутаттардың еңбекақысы солай қалған болатын. Заң шығару саласына келгеннен кейін біз бұл шешімге дұрыс қарап, қолдауымыз керек. Бұл заманда халықтан артық өмір сүру мүмкін емес. Менің ойымша, әріптестеріміз бұл шешімді бірауыздан қолдайды. Егер басқа қызметке ауысамын десе, бизнеспен айналысқысы келсе, өз еріктері бар. Ал халыққа қызмет ету деген осы, - деді ол.

Сондай-ақ Айдос Сарым жаңа Премьер-министрдің тағайындалуына қатысты ойын да айтты.

Менің ойымша, Үкіметке үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Себебі қаңтардың басында орын алған оқиғалар елді мүлдем жаңа жағдайға қойып отыр. Жаңа елде оянып жатырмыз. Жаңа Қазақстанда ескіше жұмыс істеу мүмкін емес. Сондықтан көптеген жобаны, түйткілді мәселелерді қайта қарау керек, шындыққа негізделген бағдарламалар қажет. Президенттің өзі кез келген мәселені ашық талқылау керек екенін көрсетіп отыр. Сонда ғана халық оны түсінеді, соңына ере алады. Сондықтан халық ішінде осы уақытқа дейін жиналған мәселелерге нақты жауап беру керек. Үлкен жауапкершіліктен қорықпайтын, тіпті осы уақытқа дейін мемлекеттік шенеуніктердің ауызынан шықпаған сөздерді айтты. Елімізде олигополия екенін атап өтті. Шынында да елімізде олигополия. Үлкен компанияларды, қаржы мемлекеттік секторларды азайту керек екенін айтты. Әлеуметтік әділет туралы, яғни қоғамда бар қаражат ел үшін жұмыс істеуі керек екенін атап өтті. Азаматтардың әлеуметтік деңгейін көтеру сынды үлкен мәселені көтерді, - деді саясаттанушы.

Мәжіліс депутаты елімізді дамытатын халықтың жігері екенін атап өтті.

Біз мұнай дәуірін аяқтап жатырмыз. Бұрын еліміздің негізгі драйвері мұнай болса, енді бізде бір ғана энергия көзі бар. Ол – халықтың күш-қайраты, жігері. Ал ол жігерді ояту үшін азаматтарды кәсіпкерлікке, бксқаға бағыттау керек, жемқорлық сияқты түйткілді мәселелерді ашық талқылау керек. Сонда ғана біз жаңа елді құра аламыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы