Алматы, BAQ.KZ. Қирату, тонау кезінде ұрланған қаруды Алматы облысының 18 жастағы тұрғыны қоймада жасырған. Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы хабарлады.
Оны Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері ұстады. Жауап алу кезінде ер адам қару сататын дүкендерді тонауға қатысқанын мойындады. Оның ұрланған мылтықтарды карьерлердегі қоймада сақтағаны анықталды,-делінген хабарламада.
Күдікті бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Қазіргі уақытта оның қаладағы тәртіпсіздіктер кезінде басқа да қылмыстық іс-әрекеттерге қатысын анықтау, сондай-ақ, заңсыз сақталған басқа да қару-жарақтарды тәркілеу бойынша жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.