Бас жаңалықтар
Жамбылдағы жарылыстан көз жұмғандар «Айбын» орденімен марапатталды
14 Қыркүйек 2021, 11:18 121

Жамбылдағы жарылыстан көз жұмғандар «Айбын» орденімен марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент жарлығымен Жамбылдағы жарылыста қза тапқан бірқатар әскери қызметшілер мен өрт сөндірушілер марапатталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

І дәрежелі «Айбын» орденімен

Әлімбеков Саят

Жанатұлы

(марқұм)

   – 

Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі командирінің орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша) – материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы

Заикин Сергей

Владимирович

(марқұм)

 –

 Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы

Қырғызәлиев Ерлан

Рысқұлбекұлы

(марқұм)

 –

 Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі сақтау (инженерлік-оқ дәрілерді) бөлімшесінің бастығы – аға офицері;

ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Әділбек Әділет   

Қанатбекұлы

(марқұм)

 –

Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы

Кеңес Әліби

Бексұлтанұлы

(марқұм)

 –

Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы

Қуатбек Ғафан

Жомартұлы

(марқұм)

 –

Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің автомобиль жүргізуші-қызметкері

Тұрманов Жәнібек Жасұзақұлы

(марқұм)

 –

Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің  өрт сөндірушісі-құтқарушысы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

               Президенті                                                                                 Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 13 қыркүйек

                № 660


Фото: дереккөз
Загрузка...