Бас жаңалықтар
Жамбылдағы жарылыс: Зардап шеккен аумақтағы құрылыс 2 ай ішінде аяқталады
07 Қыркүйек 2021, 16:34 1193

Жамбылдағы жарылыс: Зардап шеккен аумақтағы құрылыс 2 ай ішінде аяқталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил Өңірлік коммуникациялар қызметінде жарылыстан зардап шеккен аумақты қалпына келтіру барысы туралы өткен брифингте хабарлады. 

Сондай-ақ әкімнің орынбасары Жамбылдағы жарылыстың салдарынан қираған ғимараттарды қалпына келтіру мен шығынды есептеу үшін әкімдік арнайы топ құрғанын алға тартты.

Жойқын жарылыс болған жерге ең жақын орналасқан Қайнар ауылы, ол әскери бөлімнен 420 м қашықтықта орналасқан. Аталған ауылда 19 үй айтарлықтай зардап шеккен. Зардап шеккен аумақты қалпына келтіру бойынша құрылыс жұмыстары басталып кетті. Баспанасыз қалған тұрғындарға облыс әкімінің тапсырмасымен әскери палаткалар құрылып, сол жерде дүние-мүліктерін сақтап, жағдай жасалды, - деп атап өтті Қайрат Исмаил.

Оның айтуынша, қазіргі кезде барлық құрылыс компаниялары қарқынды жұмысқа кіріскен.

Құрылыс компаниялары қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Екі ай ішінде толық аяқтаймыз деп жоспарлап отыр, - деді ол.

Айта кететін жайт, Қайнар ауылында 20 оқушы бар көрінеді. Олар бұрыннан көрші орналасқан Көкбастау ауылында орналасқан мектепке барып білім алып жүр.

Облыс әкімінің ықпалымен сол жердегі оқушыларды «Бөбек» демалыс орталығына демалуға, сонымен қатар, оқуларын сол жерде жалғастыруға жағдай жасалды. Қалған 6 оқушы ата-аналарының өтінішімен Көкбастау ауылындағы мектепте сабақтарын жалғастырып жатыр, - деп отыр аудан әкімінің орынбасары.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...