Жаңбыр, жел, көктайғақ – сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

30 Қазан 2019, 08:09
3027
Бөлісу:
Жаңбыр, жел, көктайғақ – сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 30 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерде жауын-шашын жауады көбінесе жаңбыр түрінде, республиканың оңтүстігінде таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Кей жерде жел күшейеді, тұман, солтүстікте көктайғақ күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Қостанай облысының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Жамбыл, Шығыс Қазақстан, күндіз Түркістан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақмола, Павлодар, түнде және таңертең Маңғыстау,  Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы